№49 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Алгоритм түрлері
Сыныбы: 6 «ә» сынып
Пән мұғалімі: информатика пәні мұғалімі
Сейітхан Гаухар
2016-2017 оқу жылы
Сабақ жоспары
Күні:17.11.2016ж
Пәні: Информатика
Сыныпбы:6 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері(сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Сабақтың мақсаты: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
Білімділік: Оқушыларға алгоритмтүрлері, яғни сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер туралы түсініктеме беру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ (топтық жұмыс, жеке жұмыс, практикалық тапсырма орындау, сұрақ-жауап)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм түрлерін үйреніп,оларды ажырата біледі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушыларды алгоритмнің графикалық жазылу формасы арқылы 2 топқа бөлу,топ басшыларын сайлау, назарын сабаққа аудару
3. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін "Ұшақ ұшыру" тренингін жасау. А4 қағазынан ұшақ жасатып, оның екі қанатына екі тілек жазып, карсы топқа ұшырады және тілектерін оқиды.
II. Үй тапсырмасын тексеру.( әр топ өз фигуралардың қандай қызмет атқаратынын айтып шығады. )
Блок-схема құрыңыз.
C = A+B есепті графикалық түрде бейнелеңдер.
Ертегідегі бос орынды толықтырыңыз.
Ертедеатақты араб математигі өмір сүріпті, оның есімі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезмиекен . Ол 763-850 жылдары есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан алгоритм ұғымын енгізген екен. Уақыт өте келе алгоритмнің жазылу формаларын ұсыныпты. Ол алгоритмнің жазылу формалары:
Тәбиғи тілде,
Графикалық түрде,
алгоритмдік тілде, және программалау тілінде болыпты.
Олай болса балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз қалай аталатынын ребус шешеіп корейік?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақталу және циклдік түрлерге бөлінеді.
Алгоритм түрлері
Сызықты немесе тізбекті алгоритм
Тармақталу алгоритмдері
Циклдік алгоритмдер
Толық түрі алгоритмдері
Толық емес түрі
Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысалы, Ағаш отырғызу алгоритмі
Шұңқырқазу
Көшеттішұңқырға салу
Көшеттітопырақпен жабу
Көшетке су құю
2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдер шартты тексеру немесе тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе түйінді сөздері пайдаланылады.
Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, онда қолшатр аламыз.
Мысалдар,
1.
Достарыңызбен бөлісу: |