Сабақ тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
а) Ә ә дыбысы мен әрпін таныту, дыбыстарды ажырату. Сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру. Ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету.
ә) Ана тілін дамыту. Сөздік қорын молайту, көркем жазуға машықтандыру.
б) Сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сурет, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, іздену, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Мұғалім: Көз не үшін керек?
Оқушылар: Жақсы көру үшін.
Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар: Ақыл-кеңес тыңдау үшін керек.
Мұғалім: Екі қол не үшін керек?
Оқушылар: Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?
Оқушылар: Шетте жүрсең туған жерге әкету үшін.
Мұғалім: Дұрыс балалар отыра қойыңдар.
Олай болса мен сендердің құлақтарыңа, көздеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.
Ой ашар
Қандай дыбыспен таныстық?
І і дыбысына талдау жаса.
І і дыбыс сөздердің қай жерлерінде кездеседі?
Үй тапсырмасы: мәтінді оқу.
II. Негізгі бөлім.
Оқушылар, мен сендерге жұмбақ жасырамын:
Таныстырар әріппен
Мынау кітап- әліппең
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен (Ә)
Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе. Оқушылар, бұл сиқырлы әліппе. Қазір біз алақанымызды соқ-соқ деп үш рет соғайық, сонда әліппе бізге ертегі көрсетеді.
Ертегі әтеш туралы.
Балалар, ертегі ұнады ма? Ертегі не туралы болды? Кейіпкер не?
Әтеш. Әтеш әліппе дегенде ең алдымен қандай әріп естілді?
Ә ә дыбысы. Олай болса біз бүгін Ә ә дыбысымен танысамыз.
Ә ә дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.
Ә ә дыбысы дауысты жіңішке айтылады.
Ә дыбысы сөз басында, ортасында кездеседі.
Әнші ,әтеш , әліппе сөздеріне сөйлем құрау.
«Шараларды ұшыру» ойыны. Буынды жылдам оқып, шарды ұшыру.
Ә ә дыбысының жазылу үлгісін көрсету.
Ауада жазу. Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
III. Топтастыру Жүргізуші
Құрылысшы Заңгер
Кім болам?
Мұғалім Дәрігер Әнші
Сұрақ: Сендер өскенде қандай мамандықты таңдайсыздар? Оқушылардан жауап алу. Ән айтатын адамды кім дейміз?
Әнші.
Әнші аға-апаларды білеміз бе?
«Әнші» мәтінді оқу, мазмұнын айту.
Тапқышбектің тапсырмасы
«Кім зейінді?» Ой сергіту ойынын өткізу. Суретке қарап атын атау. Алғашқы әріптің дауысты, дауыссыз екенін айыру.
Оқушылар ауырғанда бізді емдейтін кім?
«Әшір мен дәрігер». Суретке қарап сөйлем құрау. Сөйлем схемасына қарап құрау.
Тілашардағы үй тапсырмасы.
Достарыңызбен бөлісу: |