Сабақ тақырыбы : Ә ә дыбысы мен әрпі



бет3/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,27 Mb.
#4725
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
III. Қорытынды.



  1. «Жасырын әріпті тап».







т ғ а а л а ш а ғ а а

  1. Тапқышбектің тапсырмасы

Дыбыстық талдау жаса



Ш а ғ а л а Ж а ғ а Н а н А л м а

  1. Сұрақ



  • Қандай дыбыспен таныстық?



  • Ә ә дыбысын талда.



  1. «Әліппе» әнін айту.

ІV. Үйге : «Әнші» мәтінін оқу. Ә ә дыбысы мен әрпі.

V. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Зат есім туралы білімдерін тереңдете түсу. Зат есім туралы алған

білімдерін тиянақтауға, қорытынды жасауға жағдай туғызу.



Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын

арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Шығармашылығын дамытуға

ықпал ету.

Тәрбиелігі: Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу

арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Тірек сызба, суреттер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс, топтастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Үй тапсырмасын сұрау. 303-жаттығу.



Ой шақырту стратегиясы.

- Сөз таптарын ата.

- Зат есім дегеніміз не?

- Зат есімнің сұрақтарын ата.

- Адамға қандай сұрақ қойылады?

- Жануарлар мен заттарға қандай сұрақ қойылады?

2. Тірек сызбамен жұмыс.


кім? Қала, жер аты не?


Зат есім

Жануар кісі аты


Кімдер? Нелер?

Мамандық


3. Оқушылармен жұмыс.

Өздері жекелеген заттарына талдау жүргізу.

ә) Топтастыру стратегиясы.

I топ .Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздер.



кімдер

II топ. Нелер? сұрағына жауап беретін сөздер.

нелер

III топ. Кім? Не? Сұрағына жауап беретін сөздер.




Кім? Не?


II. мағынаны тану.

б) Сабаққа келген қонақтарды қарсы алу. Олардың тапсырмаларын орындау. Қонаққа аңдар келеді.

1. Тапсырма: Шығармашылық диктант.

(Кім?) балаларды оқытады. (Не?) жапалақтап жауды. (Кім?) сурет салады. (Не?) мөңіреді. Үйді (кімдер?) салады. (Кім?) балаларды емдейді.

Сұрақ. Қай сөз табының сұрақтары аталды?
в) Оқулықпен жұмыс.

304 – жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Оларға сұрақ қою. Кім? кімдер? деген сұрақ қойылатын сөздерді, не? нелер? деген сұрақтар қойылатын сөздермен салыстыру.



Ұсталар, арыстандар, зергер, қарға.

Айырмашылығы: сұрақтарында. Ұқсастығы: зат есім.

г) Аңдардың деңгейлік тапсырмаларын орындау.

Қоян I деңгей: 305 – жаттығу. Жаңылтпашты оқу. Зат есімдерді тауып, көшіріп жазу. Сұрақтар қою.

Аю II деңгей: 307 – жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Зат есімнің астын сызу. Мағынасын түсіндіру.

Түлкі III деңгей: 306 – жаттығу. Алдымен мал аттарын, содан соң құс аттарын көшіріп жазу. Оларға сұрақ қою. Осы сөздерді құрастырып 2-3 сөйлем құрау.

Тиін IV деңгей: «Дәрігер» тақырыбына әңгіме жазу.

Деңгейлік тапсырмаларды топтап бағалау.




Тапсырма

Оқушы

I деңгей




II деңгей




III деңгей




IVдеңгей




д) Тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

Аңдарға сұрақ қойып, оларды сипаттау.

Жұмбақ жасыру.

Орманнан жалпақ даладан,

Бал іздеп бірақ жортады.

Кіп-кішкене арадан

Үп-үлкен боп қорқады. (аю)
Тірек сөздерді пайдалынып, өлең шығару.

досымыз.


сүйеміз.

жасаймыз.


қорғаймыз.


ж) Сергіту сәті. «Бұл не?» ойынын ойнату.

Әр топ өздері әкелген заттарын жасырады.


III. Ой толғаныс.

а) Кубизм стратегиясы.

1. Зат есім дегеніміз не?
сиыр

ұста

2. Сиыр мен ұста сөздерін салыстыр.

3. Сурет бұл сөзге –ші жұрнағын жалғап, талда.

4. Кім? Сұрағына жауап беретін сөз ойла.

5. Мақал - мәтелдерді жалғастыр.
«Қына тасқа бітеді,


6. Жұмбақ.

«Өзі жуас, момын

Бірақ шешпейді тонын.» (қой)


ә) Бекіту.

Тест сұрақтары. Тірек сигнралмен жұмыс.

1. Кім? Сқрағына жауап беретін сөзді тап.

а) дән ә) ақын б) сұлу
2. Не? сұрағына жауап беретін сөз тап.

а) күн ә) күнге б) күннің


IV. Үйге: 308 – жаттығу.
V. Бағалау. Оқушылар өз көршілерін бағалайды.

Сабақтың тақырыбы: Топырақты қорғау.

Сабақтың мақсаты: Ертегі арқылы оқушыларлың қызығушылығын оятып, топырақты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:



  1. Топырақ және оның құрамы туралы түсінігін пысықтау, топырақтың маңызын ұғындыру.

  2. Қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту. Өзбетілік жұмыс арқылы теориялық ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

  3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Табиғат –анаға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Сабақтың типі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.

Оқытудың әдіс- тәсілдері: қызығушылықты ояту, сұрақ- жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, жинақтау.

Сабақтың формасы: жалпы сыныптық.

Пәнаралық байланыс: биология, экология, музыка, география

Сабақтың көрнекі құралы: интерактивті тақта, житондар, үнтаспа.

Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық

Танысу «Мен кіммін?»



І. Бағдарлау- мотивациялық кезең.

-Балалар, ертеде бір оқымысты болыпты. Ол барлық халықтың, жан- жануарлардың, жәндіктердің, өсімдіктердің тілін түгел біледі екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет