Тәрбиеші: Мерей келе ғой.
Мерей: Қой. Жүн береді, ет береді, мә-мә дейді.
Жақсы балалар, дұрыс. Олар бәрі үй жануарлары, үй жануарларының адам өміріне маңызы өте зор. Жесе – тамақ, мінсе – көлік, жүнінен, терісінен киімдер аламыз. Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды.
Мальвинамен_ойын:___Ойын_шарты'>Мальвинамен ойын:
Ойын шарты: Мен қазір сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауабы дұрыс болса шапалақтайсыңдар, ал жауабы дұрыс болмаса аяқтарымен топырлатасыңдар.
Сиыр сүт бере ме?
Ешкі сүзе ме?
Ит кітап оқи ма?
Мысық ұйықтай ма?
Жылқы ұша ма?
Тәрбиеші: Жақсы балалар, сендерге ойын ұнады ма?
Иә, ұнады.
Ал менімен ойын ойнағыларың келе ме?
Иә, келеді.
Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап»
Ойын шарты: Сендердің алдарында мынадай карточкалар бар, сендер мына үй жануарларының төлдерін тауып, оларды фломастер арқылы сызып көрсету керексіндер.
Жақсы балалар, мына тапсырманы да орындап шықтыңдар. Ал балалар, театрға барғыларың келе ме? Театрға немен баруға болады?(Пойызбен)
ПОЕЗД ТУРАЛЫ ӨЛЕҢ.
Балалар, келіп жайғасыңдар. Бүгін бізде мереке, біз ең алдымен үй жануарлары туралы көріністі тамашалаймыз.(СЛАЙД «Үй жануарлары мен оның төлдері»)
Ал біздің арамызда әртістер бар ма, ортаға сахнаға шығыңдар, өнерлеріңді тамашалайық. (Жанель, Жандос, Айзере, Элдар)
Әй, жарайсыңдар, қандай өнерлі көрініс болды. Балалар сендерге ұнады ма?
Ал сендерге қандай жануар өте ұнады, сол жануарды біз қазір балабақшаға оралып суретке саламыз. (Әуен қойылады)
Жақсы балалар, енді бәріміз шеңберге тұрып мальвинамен қоштасайық.
Мальвина: Рахмет балалар, бүгін сендер сондай белсенді, әрі мейірімді болдыңдар. Сендер маған өте ұнадыңдар. Көріскенше! Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Кім бізге қонаққа келді?
Біз қайда бардық?
Нелермен таныстық?
Қандай ойындар ойнадық, кіммен ойнадық?
Балалар, сендерге көп-көп рахмет, менің сендерге арнаған әрі дәмді, сүтті сыйлығым бар.
Достарыңызбен бөлісу: |