Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін алғашқы көмек



бет49/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
7.3 Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін алғашқы көмек

Адамды электр тогы соққанда тоқ көзін бірден өшіруге, босатуға болмайды. Егер кернеулігі 1000В болса құрғақ таяқ, шүберек, киім т.б. қолданылады. Мұндай жағдайда аяғынан сүйреп, тоқ соққан жерден жарақаттанушыны міндетті түрде алып кетеді. Бұл кезде көмектесуші адамның қолы құрғақ болу керек. Қолды изоляциялау үшін диэлектрлік не бризент қолғап немесе қолды жай шүберекпен орап алу қажет. Өзінді жерден

изоляциялау үшін резеңке галош сияқты аяқкиімдер көмек болады. Олар жоқ болса, тақтай немесе тоқ өткізбейтін төсеніштер салынады. Алғашқы көмек көрсету тәсілдері жарақаттанушы күйіне байланысты. Оны анықтау үшін:

1. Қатты тегіс жерге шалқасынан жатқызып, жүрек, қан-тамыр соғысын тексеру

керек.

2. Көз қарашығын бақылау керек (қарашығы үлкейген болса, қан айналымның



тоқтағанына байланысты, яғни адам өліп кетеді). Барлық жағдайда да жарақаттың күйіне байланыссыз дәрігер шарықтылуы тиіс. Егер жарақаттанушы есін жоғалтпаған болса, бірақ оған дейін ессіз күйде болса, оның үстін жауып тыныштық күйде дәрігер келгенше

жатқызып, қан жүрек тамырының соғуын үнемі бақылау керек.

немесе,

Егер тоқ ұрған адам тоқ өткізетін заттармен байланысып жатса, онда өзіңді де сол бөліктермен немесе адамның денесімен байланысқа түспейтіндей және де адамдық кернеу әсерінен сақтанып, зақымданған адамды тоқ әсерінен босату керек. Ауа линиясын ажырату үшін жерге жалғанған сым арқылы оның қысқа тұйықталуын жасау керек.

400 В-ке дейінгі қондырғыларда зақымданған адамды тоқ өткізетін бөліктен оның киімінен ұстап тартып ажыратуға болады, егер ол құрғақ болса.Мұнда зақымданған адамның денесіне, аяқ киіміне, ылғал киіміне және жерге тұйықталған заттарды ұстауға болмайды.Егер мұндай шарттарды орындайтындай мүмкіндіктер болмаса онда жәрдем көрсетушінің диэлектрик қолғабы болған жөн. Ондай қолғап болмаса қолды орап алу керек., немесе бас киімді қолға киіп алу керек. Қолды изоляциялаудың орнына өзіңді жерден изоляциялауға болады, бұл жұмыстарды аяғына резина калош киіп немесе резиналы кілемшеге тұрып атқару керек.

Адамды электр тоғынан ажыратқаннан кейін сол жерден тез арада алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіле бастайды. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық жәрдем шаралары зақымданған адамның хал-күйіне байланысты болады.

Зақымданған адамның күйін анықтау үшін оны арқасымен жатқызып пульсі мен дем алысын тексеру керек. Демнің барлығы көкірек клеткасының көтерілуі мен түсуінен байқалады.Пульс қолдағы күре тамырдың соғысымен тексеріледі. Егер ол жерде пульс білінбесе , онда мойындағы жұтқыншақтың оң және сол жағында орналасқан ұйқы күре тамыры арқылы тексеру керек. Ағзадағы қан айналымының жоқтығын көздің қарашығынан да білуге болады, ондай кезде көздің қарашығы ұлғаяды.

Егер жарақаттанған адам ессіз күйде жатса, бірақ тұрақты дем алысы мен пульсі бар болса, онда оны ыңғайлап жатқызып, киімінің алдын босатып, тыныс алу жолдарын ашу керек, содан соң мүсәтір спиртіне батырылған мақтаны мұрнына әкелу керек және мұздай су бүрку керек.

Егер зақымданған адамның тіршілік белгісі болмаса ол клиникалық өлім жағдайында деп есептеледі.Жасанды дем берудің мақ

саты-кәдімгі қалыпты жағдайда дем алу, зақымданған адамның қанын ауамен қандыру және көмір қышқыл газын шығару. Жасанды дем беру мидағы дем орталығына әсер етіп зақымданған адамның өз бетімен дем алуына мүмкіндік жасайды. Ешбір аппарат құралсыз жасанды дем беру әдістерінің ішінде ауыз арқылы үрлеп дем беру өте тиімді болып табылады. Бұл әдіс арқылы дем беруші өзінің өкпесі арқылы жұтқан ауаны зақымданған адамның өкпесіне ауызбен үрлеп жеткізеді.

Жасанды дем беруге кіріспестен бұрын мынаны ескеру керек:

а) зақымданған адамның дем алуына кедергі жасайтын киімдерін шешу (жағасын ағыту, галстугін шешу);

б) зақымданған адамды шалқасымен қатты жерге жатқызады (үстелдің үсті не еденге);

в) зақымданған адамның басын барынша артқа шалқайтып, бір қолымен желкесін алақанына қойып, ал екінші қолымен зақымданған адамның маңдайын басу керек, иегі мен мойны түзуленіп теңескенге дейін маңдайын баса түсу керек. Басы осылай артқа қарай шалқайтылғанда аузы ашылып әрі тілі көмейге бартын жолдан алшақтайды, осы арқылы өкпеге ауаның кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді.

г) ауыз қуысын саусақтың көмегімен тексеру керек, егер онда астың қалдығы, немесе ұйып қалған қан болса оның өкпеге өтуіне жол бермеу. Бұл үшін зақымданған адамның басын бір жағына қарай қисайтып оған қарама-қарсы төменгі жағындағы иығын көтеру керек, ал көтергенде аузы кеудесінен төмен жатуы керек. Осы дайындық операцияларының соңында жәрдем беруші 2-3 рет терең дем алып, дем шығарады, содан соң зақымданушыға аузынан не мұрнынан дем береді де ауызын жабу керек (кейбір жағдайларда аузынан дем беру қиынға соғады. , себебі зақымдаушының жақтары қарысып аузы дұрыс ашылмайды,мұндай жағдайда дем беру ауыздан мұрынға жасалады ). Бұл ауаның сыртқа шығуына жол бермейді. Егер ауа сыртқа шығып кететіндей болса, онда зақымданушының мұрнын саусақпен қысу керек. Ауаны үрлеу күшті болғаны дұрыс, яғни зақымданған адамның көкірегінің көтерілуі анық байқалуы тиіс.Бір минутта ересек адамға 10-12 рет үрлеп дем беру керек. Зақымданушы адам әлсіз ғана дем ала бастағанда оны өз бетімен дем алуға ұштастыру керек. Жасанды дем беруді бір қалыпты дем алу оныққанға дейін жүргізу қажет. Жасанды дем беру жүректің сыртқы тұсына массаж жасаумен қатар жүргізілуі тиіс. Жүрекке массаж жасаудың мақсаты-ағзада қан айналымын жасанды жолмен қамтамасыз ету. Жүректің сыртқы тұсына массаж дегеніміз – бір қалыпты ырғақпен көкіректі басу. Осының нәтижесінде жүрек көкірек пен арқа омыртқалары арасында қысылып, қуыс арқылы қанды айдайды. Массаж жасалып болғаннан кейін көкірек қуысы мен жүрек жазылып, жүрек қанмен толығады, ол вена тамырларынан келеді. Клиникалық өлім жағдайындағы адамның көкірек қуысы бұлшық еттердің қимылсыздығынан кеудені басқанда жеңіл қозғалады, жүректің бұлшық еттерінің қажетті жиырылуын қамтамасыз етеді.

Жасанды дем беру мен жүрекке массаж жасау көмек алушы адам өз бетінше дем алғанға дейін және жүректің соғысы қалпына келіп, медицина қызметкеріне табыс еткенге дейін жасаған жөн. Жүректің қалыпты соғысын тамыр соғысына қарап анықтайды. Тамырдың соғысын тексеру үшін әрбір екі минут сайын массажды 2-3 секундқа тоқтата тұрады. Егер осы үзілісте тамыр соғысы сақталса, онда жүректің өз бетінше жұмысы қалпына келген деп есептеледі.

8 Сабақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет