Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қоргау саласындағы мемлекеттік басқару



бет17/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

2.7 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қоргау саласындағы мемлекеттік басқару


4-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
5-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат: 
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды, ережелерді нормаларды әзірлеу мен қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті корғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбкті қорғау проблемалары бойынша зерттеулер жүргізуге;

6)өндірістегі жазатайым оқиғалармен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;

7) ҚР-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;

8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;

9) өндірістегі жазатайым оқиғалармен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;

10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды не қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге; 11) еңбек жағдайлары мен еңбек қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға;

12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;

14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жұмысты қамтамасыз етуге;

15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.



Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер:

Олар мыналар:

1.Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызмекердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

2.Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;

3.Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына, құқықтарын қорғауға мемлекеттік кепілдік беруі;

4.Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;

5.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

6.Уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету,

7.Еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы ақпараттық жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;

8.Мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргізуге мемлекеттік қатысуы;

9.Қызметкерлер өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларынан тұратын нормативтік құқықтық

109-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы бұзылғаны үшін жауаптылық . Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

 


3 Сабақ

Тақырыбы: “Кәсіпорындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет