Авариялық жағдайлардың алдын алу, оған дайындық және салдарын жою
Авариялық жағдайлардың алдын алу, оларға дайындық және салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін жазатайым оқиғалар мен авариялық жағдайлардың болуы ықтимал сипаты мен ауқымын айқындайды, оларға байланысты тәуекелдердің алдын алуды не азайтуды көздейді. Бұл іс-шараларды уақтылы түзету, қажетіне қарай, оларға өзгерістер енгізу керек. Іс-шараларды кәсіпорын қызметінің түріне, сипаты мен ауқымына сәйкес әзірлейді. Олар:
а) авариялық жағдайлар туындағанда қолда бар қажетті ақпарат, ішкі байланыс жүйелері мен авариялық жағдайлардың салдарын жоюды үйлестіру жұмыс аймағындағы барлық адамдарды қорғауды қамтамасыз ететіндеріне кепілдік беруге;
б) авариялық жағдайлар туындағанда тиісті құзырлы органдарға, аумақтық құрылымдар мен авариялық қызметтерге ақпарат беруге, олармен тығыз байланысты қамтамасыз етуге;
в) жұмыс аймағындағы барлық адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді, өртке қарсы іс-шараларды жүргізуді және оларды көшіруді көздеуге;
г) нақты авариялық жағдайларға ұқсас жағдайларда тұрақты түрде жаттығулар жүргізуді қоса алғанда, барлық деңгейлердегі кәсіпорынның күллі қызметкерлеріне тиісті ақпарат пен оларды авариялық жағдайлардың алдын алу, оларға дайындық және салдарларын жою бойынша даярлауға мүмкіндік беруге тиіс.
Авариялық жағдайлардың алдын алу, оларға дайындық және салдарларын жою жөніндегі іс-шаралар сыртқы авариялық қызметтермен және басқа да құзыретті органдармен келісілуі тиіс.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің қолданылуын бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |