Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Жұмыс орнындағы еңбек жағдайының жай-күйін көп сатылы бақылау



бет44/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

Жұмыс орнындағы еңбек жағдайының жай-күйін көп сатылы бақылау

Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайының жай-күйін ағымдағы әкімшілік-қоғамдық бақылау көп сатылы бақылау механизмінің көмегімен жүзеге асырылады. Бақылаудың бұл түрін көп деңгейлі құрылымы бар ірі кәсіпорында қолданады.



Көптеген кәсіпорындар үшін үш сатылы бақылауды қолдануға болады:

а) I саты. Шебер мен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор күн сайын барлық жұмыс орындарын қарап шығады;

б) II саты. Цехтың (үлкен учаскенің) бастығы мен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор аптасына бір рет жұмыс орындарын қарап шығады. Тексеру қорытындыларын орындаушыларды тағайындап және сәйкессіздікті жою мерзімін белгілей отырып, журналға енгізеді;

в) III саты. Кәсіпорынның комиссиясы айына бір рет бөлімшедегі еңбекті қорғаудың жай-күйін зерделейді. Тексеру қорытындылары бойынша бұзушылықтар туралы акті рәсімделеді және оларды жою туралы бұйрық шығарылады.



Қызметкерлер саны аз кәсіпорындар екі сатылы бақылауды қолданады:

а) I саты. Басшының барлық жұмыс орындарын күн сайын қарауы;

б) II саты. Шағын кәсіпорынның жетекші мамандарының, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың қатысуымен еңбекті қорғау жөніндегі комиссияның ай сайынғы түпкілікті тексеруі. Комиссия тексеруінің қорытындылары бойынша арнайы журналға белгілі болған кемшіліктерді, оларды жою жөніндегі ұсыныстарды, орындау мерзімдері мен орындаушыны енгізеді. Оған белгіленген іс-шараны орындау үшін жауапты орындаушы қол қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет