Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет45/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

Ықпал ететін бақылау

Ықпал ететін бақылау оқыс оқиғаларды, жазатайым оқиғаларды, денсаулықтың нашарлауы мен ауру жағдайларын, кәсіпорынның мүлкіне залал келтіруді қоса алғанда, еңбекті қорғауды басқару жүйесінен бастартуларды тергеп тексеру, талдау және құжаттау үшін қолданылады.

Ықпал ететін бақылаудың мақсаты – осындай жағдайлардың себебін (терін) анықтау және тиісті шараларды қабылдау жолымен олардың қайталануына жол бермеу.

Үздіксіз жетілдіру

Кәсіпорынды үнемі үздіксіз жетілдіру оның қарапайым мақсаты (қасиеті) болып табылады.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесін үздіксіз жетілдіру:

- еңбек процесінің қауіп-қатерлерін және оның ілеспе тәуекелдерін азайту жолымен жарақаттарды, өлім-жітім жағдайларын, қызметкерлердің кәсіптік ауруларын болдырмауға бағытталған еңбекті қорғауды басқарудың нәтижелілігін арттыруға;

- кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;

- кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сәйкес қазіргі заманғы әзірлемелердің, әдістер мен технологиялардың пайда болуынан тез әсер алуға және қолдануға;

- оқыту жолымен персоналдың кәсіби шеберлігін арттыруға септігін тигізеді.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесін тұтастай және оның элементтерін үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз етуге оларды жетілдіру және уақтылы орындау жөніндегі белгілі бір іс-шараларды белгілеумен қол жеткізіледі. Бұл іс-шаралар:

а) еңбекті қорғауды ұйымдастыру мақсаттарын;

б) қауіпті және зиянды өндірістік факторлар мен тәуекелдерді анықтаудың, бағалаудың нәтижелерін;

в) қызмет нәтижелерін бақылау мен өлшеудің қорытындыларын;

г) өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіптік аурулар мен оқыс оқиғаларды тергеп тексеруді;

д) тексерулердің (аудиттердің) нәтижелері мен ұсынымдарын;

е) басшылықтың еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нәтижелілігін талдауын;

ж) кәсіпорынның қызметкерлерінен және олар болған жерлердегі еңбекті қорғау коми теттерінен (комиссияларынан) келіп түскен ұсыныстарды;

и) ұлттық заңдар мен еңбекті қорғау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің, ұжымдық шарттардың (келісімдердің) өзгерістерін;

к) еңбекті қорғау саласындағы жаңа ақпаратты;

л) алдындағы еңбекті қорғауды басқару жүйелерінің орындалу нәтижелерін ескеруге тиіс.


6 Сабақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет