Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
6. 2 Электр қондырғыларының классификациясы және электр қауіпсіздігі деңгейі бойынша жұмыс жағдайлары Электр кондырғылары деп электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, тарататың және тұтынатын қондырғыларды айтады. Оларға генераторлар, электр қозғалтқыштары, трансформаторлар, түзеткіштер, радио және телевизиялық байланыс аппаратуралары және т. б. жатады. Электр қондырғыларында жұмыс жасау қауіпсіздігі электр сұлбаларына және электр қондырғыларының параметрлеріне, номиналды кернеуге, қоршаған ортаға және пайдалану жағдайына байланысты болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық электр қондырғылары (ПУЭ) электр қондырғыларын орнату ережелеріне (ЭОЕ) сәйкес 1000 В дейінгі және 1000 В жоғары болып белінеді. 1000 В жоғары қондыргылар өте қауіпті болғандықтан, олардың қорғаныс қауіпсіздік шараларына қатаң талаптар қойылады. Электр қауіпсіздігі деңгейі бойынша жұмыс жағдайлары 3 категорияға бөлінеді: дамдардың электр тоғына түсіп қалу қаупті, аса қауіпті және жоғары қаупі жоқ. Өте жоғары қауіпті жағдайда төмендегі белгілердің біреуі болуы керек: - ылғалдылық (салыстырмалы ылғалдылық 75% тен көп); -температура (ұзақ уақыт бойы +3 5° С астам болатын), т.б. Бұл жағдайларда қауіпсіздікті азайту үшін кіші кернеуді (42 В) пайдаланған дұрыс. Өте қауіпті жағдайда төмендегі белгілердің біреуі болуы керек: - ерекше ылғалдылық ( салыстырмалы ылғалдылық 100% ке дейін) - электр құрылғысының тоқ жүретін бөліктерін және оқшауламаларды бұзатын химиялық активті орта. Бұл жағдайларда қауіпсіздікті азайту үшін кіші кернеуді (12 В) пайдаланған дұрыс. Жоғары қауіпі жоқ жағдайда жоғарыда көрсетілген белгілер болмайды. №7 Сабақ.
Адамның ағзасына электр тоғының әсері әр түрлі болуы мүмкін. Атап айтқанда, тоқтың әсерінен адам денесіндегі ұлпалардың жыртылуы, дененің күюі, қанның ұюы, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы, сол арқылы жүректің, өкпенің және кейбір бұлшық еттердің жұмыстары тоқтауы мүмкін. Көп жылғы зерттеудің қорытындысы бойынша, жиілігі 50 Герц, күші 0.1 Ампер тоқ 3 секунд ішінде адамның жүрегін тоқтатады.Адам 0,02 А тоқта есінен айрылып, өзіөзі игере алмайды. 0.01 А тоқ қауіпсіз деп есептеледі, өйткені адам бұл кезде тоқтан қолын өзі ажырата алады. Тоқтың адамға әсері оның жанасу уақытына, ағзаның хәл-күйіне де байланысты болады, себебі жарақаттанған немесе әлсіреген адам ағзасынан электр тоғы тез өтеді. Бұндай жағдайда адам ағзасының электр тоғына қарсыласу кедергісі төмендейді. Сонымен қатар қоршаған орта, яғни жұмыс орнындағы метеорологиялық жағдай (ауаның құрғақтығы, егер ауа температурасы 30 С-тан жоғары болса, немесе ылғалдылығы 65%-75% -дан кем болмаған жағдайда); жұмыс бөлмесіндегі шаң –тозаң (шаң-тозаң органикалық не бейорганикалық та болуы мүмкін) тоқ өткізгіш болып саналады. Электр тогының адамға әсерінің бірнеше сипаты бар. Адам организіміне тоқ өткенде термиялық, электрлік, биологияның әсер етеді. Тоқтың термиялық әсері дененің кейбір жердегі күйік қан тамырларының, нервтердің, қанның қызып кетуінен білінеді. Тоқтың электрлік әсері қанның және организмнің басқа да сұйықтықтардың ыдырауына байланысты. Олардың физикалық-химиялық құрамының біраз бұзылуын туғызады. Тоқтың биологиялық әсері -органикалық тірі жасушалардың қызуы нәтижесінде буындар тартылып қалады, сонымен қатар жүрек пен өкпе қысылады, нәтижесінде қан айналу мен тыныс алу органдарының жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін. Электрлік тоқтың әсері 2 түрлі жарақатқа әкеледі: 1.Электрлік жарақат. 2. Электрлік тоқ соғу. Электрлік жарақат тоқ әсерінен тірі жасушаларының тек кейбір жерлерін жарақаттайды. Оның түрлері: 1.Электрлік күю. 2. Электрлік белгілер. 3. Терінің металдануы. 4. Электроофтальмия. 5. Механикалық жарақаттар. 1. Электрлік күю ең көп таралған электрожарақат. Оның екі түрі бар: тоқты, доғалы. Күйіктің 4 дәрежесі болды: 1. терінің қызаруы 2. көпіршіктің пайда болуы 3. терінің барлық қабаттарының жансыздануы 4. жасушалардың өліп жиналуы 2. Электрлік белгілер. Адам денесінде сұры және күлгін сары түсті дақтар пайда болады. Белгілері жырық, соғулар, дақ түрінде кездеседі. Электрлік белгілер ауырмайды және емдеуге жеңіл. 3. Терінің металдануы. Электрлік доға нәтижесінде ыдыраған металдың кішкентай бөліктері терінің жоғары бөліктерінде жиналады. Олар қысқа тұйықталу және рубильниктердің сөнуі нәтижесінде пайда болады. 4. Электроофтольмия - электрдоғаның интенсивті әсерінен көздің зақымдалуы. 5. Механикалық - адам денесі арқылы өткен тоқтың әсерінен буындардың тартылуы. Электрлік тоқпен соғу нәтижесінде: 1. жүрек жұмысы тоқталуы мүмкін; 2. тыныс алу тоқталуы мүмкін; 3. электрлік шок болуы мүмкін.
жүктеу/скачать 0,81 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |