Тақырыбы: Электр қауіпсіздігі.Адам организміне электр тоғының әсері.
Сағаттық деңгейі- 2сағат.
6.1 Электр қауіпсіздігінің негіздері.
Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.
Электр энергиясын құрылғылар мен аппараттарға қолданған жағдайда, зауыттық нұсқауда баяндалған электр қауіпсіздігінің шараларын бұлжытпай орындау қажет.Автоматтарды қысқа тұйықталудан қорғау мақсатында пробкалы сақтандырғыштың орнына металл өткізгішті ауыстырып салуға; электр өткізгіштердің, сақтандырғыш қалқандардың, ажыратқыштардың, штепсель розеткаларының лампа патрондары мен шамдардың, сондай-ақ бұларды электр желісіне қосатын баулардың изоляциясы ақаулы болғанда құрылғылар мен агрегаттар тоққа қосылмайды.Тоқ жүріп тұрған бөлшектерге, тіпті олар тоқтан ажыратылған жағдайда жанаспас бұрын, кездейсоқ ақаудан немесе ағаттықтан онда тоқтың қалмағандығын мұқият тексереді. Қауіпсіздік ережесі бойынша әр түрлі жиіліктегі электр қондырғылары мен түрліше тоқтың аралығында айырмашылық болмайды, себебі олардың бәрі де қауіпті.Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу-жанасу кернеуі деп аталады.
Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етеді.
Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады.
Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.
Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.
Электр тоғына түсіп қалғанда төменгі зақымдалулар болуы мүмкін: күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электоофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар:
- электр күйігі электр тоғының жылулық әсерінде пайда болады. Электр доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып табылады, өйткені оның температурасы +3000-6000˚С аралығында болады;
- терінің металдануы электр тоғының әсерінен металдың майда бөлшектері теріге сіңіу нәтижесінде болады. Соның нәтижесінде терінің электр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.
Электр белгілері деп, тоқ жүретін бөліктермен тығыз байланыста болғанда, яғни оны қысып ұстағанда теріде сұр немесе ақшыл - сары түсті дактың қалуын айтамыз.
Электроофтальмия дегенде электр доғасыньң ультрафиолеттік сәулесі әсерінен көздің сыртқықабатының зақымдалуын түсінеміз.
Электр соққысы болғанда, адам организмі жалпы зақымданады, яғни нерв және жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады.
Механикалық зақымдалулар (тканның бөлшектенуі, сынықгар) адам бұлшык еттсрінің тырысуы және де электр тоғының әсерінен төбеден құлау нәтижесінде болады.
Электр тоғынан зақымдалу сипаттамасы тоқтың тегі мен мәніне, оның жүріп өту жолына, әсер ету ұзақтығына, адамның жеке физиологиялық ерекшелігіне және оның зақымдалған кезіндегі жағдайына байланысты болады. Көп жағдайларда токтың тегі мен мәні зақымдалу сипаттамасын анықтайды, Өндірістік жиіліктегі (50 Гц) кернеуі 500 В дейінгі айнымалы тоқтағы электр қондыргылары тұрақты тоққа қарағанда өте қауіпті. Бұл адам организмі клеткаларындағы күрделі биологиялық процестерге байланысты болады, Тоқ жиілігі өскен сайын, зақымдалу қаупі азаяды. М: бірнеше жүздеген кГц жиілікте электр соққысы сезілмейді.
Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге болады: сезілетін, сезілмейтін,босататын, босатпайтын және фибрилляциялық тоқ.
(Адам айнымалы тоқтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5-тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақгы тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады.
Жібермейтін тоқтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз еркімен қолын тоқ жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы тоқ үшін - 10-15 мА, ал тұрақты тоқ үшін - 50-80 мА. Тоқтың ары қарай өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қиындайды және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді.
Фибрилляциялық тоқ жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының әлсізденуін түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде жүректен бүркелетін қан қажетті өмір сүру органдарына бармайды және ең бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы ары кетсе 5-8 минут емір сүреді, сондықтан да бұл жағдайда зақымдалған адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция тоғының мәндері -80 нен 5000 мА аралығында болады.
Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының мәніне және тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы 2-кестеде көрсетілген. Тоқтың жүру жолы зақымдалу сипатына бір шама әсерін тигізеді. Өте қауіпті жол - жүрек, бас миы және тыныс алу кеудесі арқылы өтетін жол болып табылады. Электр травматизмін талдауда «оң қол - аяқ», «қол - қол» жолдары жиі кездеседі, ал «бас - аяқ», «бас - қол», «аяқ - аяқ» жолдары сирек кездеседі.
Адам организмі арқылы өтетін тоқтың мәні берілген кернеуге және дене кедергісіне байланысты болады. Кернеу қаншалықгы көп болса, соншалықты көп тоқ адам арқылы өтеді.
2-кесте Адам денесі аркылы өтетін электр тоғының мәніне және тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы
I, мА
|
50 Гд айнымалы тоқга
|
Тұрақты тоқга
|
0,6-1,5
|
Сезіну пайда болуы, қол саусақтарының дірілі
|
Сезілмейді
|
5-7
|
Қолдың қалтырауы
|
Сезіну пайда болуы, Терінің қызуы
|
8-10
|
Қолды электродтан әрең алуға болады, бірақ сүйектер қатты ауырады
|
Қызудьң көтерілуі
|
20-25
|
Қолды электродтан тартып алу мүмкін емес, тыныс алу қиындайды
|
Бұлшық еттің кішкене қысқаруы
|
50-80
|
Тыныс алу тоқтайды, жүрек фибрилляциясы басталады
|
Қатты қызу, қолдағы бұлшық еттің қысқаруы, тыныс алу қиындайды
|
90-100
|
Жүрек соғуы (әсер ету уақыты 3 с көп) және тыныс алу тоқтайды
|
Тыныс алу тоқтайды
|
Адамның кедергісі тұрақты емес және ол әр түрлі факторлаға байланысты болады. М: терінің жағдайы, жанасу тығыздығы және шамасы, берілген кернеудің мәні және тоқтың әсер ету уақыты. Электр тоғыньң әсері астында тұрған адам денесінің кедергісін 4.1 — суретіндегі эквивалентті сұлба түрінде көрсетуге болады. rR1 кедергісі тоқ кірген жердегі тері бетінің кедергісі мысалы, қолдың кедергісі.
1-сурет. Электр тоғының әсері астында тұрған адам денесі кедергісінің эквиваленттігі сұлба.
rR1 кедергілерінің жағдайына байланысты 10 нан 100 кОм дейін өзгеріп тұруы мүмкін.
Зақымдалмаған құрғақ терінің кедергісі 100 кОм да көп болуы мүмкін. Тері зақымдалғанда, ластанғанда және ылғалданғанда оның кедергісі күрт төмендеп он килоОмга дейін жетуі мүмкін.
С1 - адаммен сымның арасындағы сыйымдылық. Конденсатор диэлектригі тері қабаты және адам денесімен сымның арасындағы ауа болып табылады. Егер жанасу кернеуі үлкен болса, онда диэлектрик тесіледі және тізбек тек ғана rвн кедергісі арқылы тұйықталады.
rвн кедергісі - бұлшық ет және дене ішкі органдарының кедергісі. Ол үлкен емес - 0,4 және 1 кОм аралығында болады. Өйткені адамның бұлшык еттерінде органикалық заттар бар, олар электр тоғын жақсы өткізеді.
Әдетте, электр тораптарындағы қауіпсіздікті талдауда және есептеуде адам денесінің кедергісі активті және 1 кОм деп қабылданады.
Электр тоғынан зақымдалудың сипаттамасы уақытқа байланысты болады. Токтың көп уақыт әсер етуінде тері қызады және тері терлеп ылғалданады, соның нәтижесінде оның кедергісі төмендеп адам арқылы тоқ өтетін тоқтың шамасы күрт өседі.
Электр тоғынан зақымдалудың сипаттамасы адамның жеке физиологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Егер адамның денсаулығы жақсы болса, онда электр зақымдалуы аз болады. Егер адамның жүрек қан-тамырлары жүйесі, терісі, жүйке жүйесі ауыратын болса және мас күйінде болса, онда электр тоғынан алған зақымдалуы аз мәнді тоқтың өзінде күрделі болады.
Тоқтың жүріп өту уақытына байланысты жанасу кернеуі және тоқтың рұқсат етілетін мәндері 3-кестесінде келтірілген. Олар қорғаныстық құрылғысын есептеуде қолданылады.
3-кесте Адам арқылы жүріп өтуге рұқсат етілетін жанасу кернеуі және тоқ
Қондырғы
|
Нормалық
|
Тоқтың әсер ету уақыты, с
|
|
Шамасы
|
0,1
|
0,2
|
0,5
|
0,7
|
1,0
|
3,0
|
Айнымалы тоқта
|
|
|
|
|
|
|
|
1000 В дейінгі кернеуде,
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |