Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Өз бетінше дайындалатын сұрақтары



бет54/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

Өз бетінше дайындалатын сұрақтары:

1. Статикалық электр тогының пайда болу шарттары қандай?

2. Статикалық электр тоғынан қандай қорғану шараларын білесің?

3. Жаңа технологиялық процестерді, техникалық құрылғыларды, электр қондырғыларын жобалауда қойылатын талаптарды атаңыз.



9.1 Статикалық электр зарядтарының пайда болу шарттары және олардың қордалануының қауіптілігін бағалау

Статикалық электр зарядтары, заттардың сығылуы, майдалануы (шашырауы), денелердің, сұйық қабаттардың немесе түйіршік материалдардың өзара түйісуі, салыстырмалы қозғалысы, олардың кристалдануы және булануы кезінде пайда болады. Статикалық электрдің қауіпті мөлшерінің қордалану мүмкіндігі, оның пайда болу жиілігімен, сонымен қатар, зарядтар қозғалысының шарттарымен анықталады. Технологиялық жабдықтарда зарядтардың пайда болуы, ондағы өңделетін заттардың, жабдықтардың бөлшектерінің материалдарының, технологиялық процестің физикалық-химиялық қасиеттерімен анықталады. Зарядтардың ағынының пайда болу процесі, негізінен өңделетін заттардың, қоршаған ортаның және жабдықтардың материалдарының электрлік қасиеттерімен анықталады. Меншікті көлемдік кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен төмен болатын заттар мен материалдар, егер олар шашырамаса немесе себеленбесе электрмен зарядталмайды.

Өңделетін заттардың және металл емес материалдардан жасалған бөлшектерінің электрленуінің дәрежесі, қауіпті қоспалардың тиісті санаттары мен топтарына жарылыстан қорғалған ретінде жарамды деп танылған аспаптармен өлшенеді.

Жылжымалы аспаптардың бергіштері электрстатикалық ұшқынға қарсы қолданылатын қауіпсіздік талаптарына сай таңдалынады. Егер, аспаптың бергішіне металл электродтан потенциалы 50 кВ және сыйымдылығы 60 - 100 пф ұшқын разряды түскен кезде, аспап тұрған қоспаның тұтану мүмкіндігі 10-3 мәнінен (бұл разрядтардың энергиясы қоспаның тұтануының ең кіші энергиясынан 2,5 есеге дейінгі мәні (осы Талаптардың 1-2-ші қосымшаларына сәйкес) аспаса, онда аспаптың бергіші электрстатикалық ұшқынға қауіпсіз деп саналады.

Егер зарядтың беттік тығыздығының, беттік кернеуінің немесе оның кез-келген бөлігінің потенциалының өлшенген ең көп мөлшері, осы зарядталған заттың және қоршаған ортаның шекті рұқсат етілген мөлшерінен аспаса, онда заттың бетінің электрленуінің дәрежесі қауіпсіз деп саналады.

Зарядтың беттік тығыздығының, беттік кернеуінің немесе оның потенциалының шекті рұқсат етілген мөлшері деп, берілген заттың бетінде пайда болған разрядтың ең көп мүмкін болатын энергиясы қоршаған ортаның тұтану энергиясының ең кіші мәнінің 1/4 бөлігінен аспайтын мәнін айтады.

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоршаған ортасының тұтанғыштығы, негізінен сұйықтықтардың буларының қасиеттеріне байланысты анықталатындықтан, бұл сұйықтықтардың зарядталуының шекті рұқсат етілген мәні болып, олардың беттік тығыздықтарының, беттік кернеулерінің немесе олардың потенциалдарының, сұйықтық буларының ауамен қоспасының тұтану энергиясының ең кіші мәнінің 1/4 бөлігінен аспайтын мәнін айтады.

Егер статикалық электр разрядтарының пайда болуы жойылса немесе пайда болған разряд энергиясы ортадағы жанғыш қоспаның тұтану энергиясының ең кіші мәнінен 2,5 есе кем болса, аппаратуралар немесе технологиялық жабдықтар электрлік ұшқынға қауіпсіздік талаптарын қанағаттандырады деп саналады.



9.2Статикалық электрден қорғану шаралары

Өндірістегі жабдықтарда, өңделетін заттарда, адамдардың үстінде электр разрядының қауіпті ұшқындарының пайда болуының алдын алу үшін, өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, пайда болған статикалық электр зарядтарының қауіпсіз ыдырауын қамтамасыз ететін келесі шаралар қарастырылады:

1) жабдықтар мен коммуникацияларды жерлендіру арқылы зарядты ауытқыту, адам денесін тұрақты түрде жерлендіргішпен электр арқылы түйістіруді қамтамасыз ету;

2) меншікті сиымдылықты және беттік электрлік кедергіні азайту арқылы зарядтарды ауытқыту;

3) радиоизотопты, индукциялы және басқа да бейтараптандыруларды қолдана отырып зарядтарды ыдырату.

Статикалық электр зарядының пайда болу жиілігін азайту үшін:

1) барлық, технологиялық мүмкін жерлерде, жанғыш газдарды түйіршікті сұйық және қатты бөлшектерден, ал сұйықтықтарды – ерімейтін қатты және сұйық қоспалардан тазалау;

2) өндіріс технологиясы қажет етпейтін жерлерде шашырау, майдалау, бүркіп шашуды болдырмау;

3) аппараттар мен тасымалдау магистралдарындағы материалдардың қозғалу жылдамдығын, жобада көрсетілген мөлшерлерден аспайтындай етіп таңдау керек.

Пайда болған зарядтардың бейтараптануын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, аппараттар ішіндегі ортаның разряд ұшқынынан тұтануын болдырмау үшін, олардың ішінде жарылыс қауіпті ортаның пайда болмауын қамтамасыз ететін жабық жүйелерді пайдалану қажет немесе аппараттарды, ыдыстарды, жабық тасымалдау жүйелерін және басқа да жабдықтарды, олардағы тез тұтанатын сұйықтықтарды, майдаланған және түйіршік материалдарды пневмотасымалдау және жабдықтарды іске қосар алдында үрлеп тазалау үшін инертті газдарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.

Статикалық электр заряды пайда болуы мүмкін жарылыс қауіпті өндірістерде технологиялық және тасымалдау жабдықтары (аппараттар, ыдыстар, машиналар, коммуникациялар және тағы басқалары) электр кедергісінің меншікті сыйымдылығы 105 Ом/м мөлшерінен артық емес материалдардан жасалады.

Егер заттарды шашпай және бүркіп сеппей өңдеу және тасымалдау кезінде, электр кедергісінің меншікті сыйымдылығы 105 Ом/м мөлшерінен кем болатын материалдардан жасалған электрлі өткізгіш жабдықтар қолданылған болса, онда бұл жағдайда статикалық электрден қорғану шараларын қарастырмауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет