Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Пәні: қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Өнегелі өмір. Ы.Алтынсарин
ІІ-тоқсан
|
№ 33 орта мектеп
|
Күні: 25.03.2016
|
Мұғалімнің аты-жөні: Чайкымуратова Ақмарал Чайкымураткызы
|
Сынып:
|
Қатысқаны
|
Қатыспағандар
|
|
10 «В»
|
15
|
-
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
" Ы.Алтынсарин" тақырыбы бойынша
А4. Кез келген тақырыпқа сөйлеседі және өз ойын жеткізеді.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: "Ы.Алтынсарин" мәтінінің мазмұнын түсінеді.Сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: "Ы.Алтынсарин"мәтіні бойынша өз ойын еркін жеткізе алады, салыстырады.
Кейбір оқушылар орындай алады: "Ы.Алтынсарин"мәтіні бойынша өз көз- қарастарын білдіре алады, ойларын еркін жеткізе алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: "Ы.Алтынсарин"мәтіні бойынша өз көз- қарастарын білдіріп, бүгінгі өмірмен байланыстырып айтады.
|
Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер: шенеулік, үміт, дүние салады, лайықты.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ы.Алтынсарин туралы не білесің?
Ы.Алтынсаринің өмірі неге өнегелі деп есептейсің?
Қазіргі кездегі педагогтың қандай айырмашылығы бар?
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет
|
Жоспар
Сабақтың кезеңдері
|
Жоспарланған мерзімдер
|
Жоспарланған шаралар
|
Ресурстар
|
|
Алдыңғы оқу
Қызығушылықты ояту
3 мин
|
Бір-біріне жақсы тілектер айту.
Тілдік ортасын құру (сұрақ-жауап арқылы)
Сәлемдесу -1 мин
«Тілектер әлемі» - 2 мин
Кел, балалар, оқылық
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Бұл өлең жолыдарын кім жазған?
Өлең қалай аталады?
|
Шаттық шеңбері
"Кел, балалар, оқылық" өлеңі
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Оқушыларды конфет арқылы топқа бөлу.
1 тапсырма
Оқушылардың ойын жинақтау мақсатында алдымен Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер? деген сұраққа жауап алынады. Дара диаграмма толтыру.
|
Топқа бөлу
Дара диаграмма
|
Сабақтың ортасы
|
|
|
10 мин
|
2-тапсырма
Оқылымға арналған мәтін
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуліктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам.
Ыбырай Алтынсариннің ең алғаш шыққан кітабы «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынборда жарық көрген.
Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармалары: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Қыпшақ Сейітқұл», «Асан мен Үсен», «Ағаш үй мен кейіз үй», «Әй, жігіттер», «Залым төреге», «Өзен», «Жаз». т.б.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 30 – ы күні Қостанайда дүние салады.
Талқылауға арналған сұрақтармен жұмыс (Барлық оқушылар орындайды, әр оқушы қима қағазға өз сұрағын жазып, келесі топпен алмастырып сұраққа жауап береді)
3 тапсырма (Оқушылардың көпшілігі орындайды)
«Венн диаграммасы» стратегиясы
Ы.Алтынсарин -педагог және қазіргі кездегі педагог қатысты қарама -қайшылықтар мен ұқсастықтарын салыстыра отырып, өзінің жеке пікірін дәлелдейді.
4 тапсырма (Кейбір оқушылар орындайды)
Ойды аяқтау
1-топ Өлеңдерін аяқтау не көрініс көрсетеді.
2-топ Әңгімелерін аяқтау не көрініс көрсетеді.
3-топ Аудармаларын аяқтау не көрініс көрсетеді.
|
Мәтін
Интерактивтік тақта
Қима қағаз
Венн диаграммасы
Ойды аяқтау
|
Сабақтың соңы
2 мин
|
Кері байланыс (барлық оқушылар орындайды)
«Екі жұлдыз бір тілек»
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау - оқушыға қолдау көрсету қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?
|
Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пән аралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік;
АКТ байланысы;
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
|
- "Ы.Алтынсарин"мәтіні бойынша сөйлесіп, сұрақтарға жауап бере алады.
-- "Ы.Алтынсарин"мәтіні бойынша өз ойын еркін жеткізеді.
- - "Ы.Алтынсарин"мәтініне өз көз қарастарын білдіреді.
|
Тарих, әдебиет
|
Рефлексия
|
Сабақ міндеттері орындалды ма?
|
орындалды
|
|
Білім алушылар бүгін не үйренді?
|
Тақырып бойынша сөйлесіп, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап бере алады, пікір-таласқа түсті,
топпен жұмыс істеуде белсенділік танытады.
|
|
Сабақтағы ахуал қандай болды?
|
белсенді
|
|
Уақыт есебінен ауытқулар болды ма?
|
|
|
Жоспарға қандай өзгертулер енгізілді?
|
|
|
Қалыптастырушы бағалауға арналған дескрипторлар
|
- Мәтіннің мазмұнын түсінеді.Сұрақтарға жауап бере алады.
- Мәтіннің негізгі ойын анықтай алады, топпен жұмыс істеуде белсенділік танытады, салыстырады.
- Өз ойын жинақтап, алған материалдарды талқылап, өз ойларын түйіндеп анық айта алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |