Ұ лы Отан соғысынан кейін ашылған жоғарғы оқу орындары:
• 1950 жылы КазМУ – де философия факультеті ашылды
• 1958 жылы Қазақ КСРҒА – ны философия және құқық институты құрылды
• 1961 жылы тіл білімі, әдебиет және өнер институттары ашылды
• «Партия тарихы» барлық ЖОО – да өткізілетін негізгі пәнге айналды
К өркем әдебиетті дамытушылар: М. Әуезов, Ғ. Мұстафин, Ғ, Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, суреттері мен шығармаларының атаулары көрсетіледі
Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты Жеті жылдық мектепте жауынгерлік-патриоттық және еңбек тәрбиесі күшейтілді. 5 — 7-сыныптарда ауыл шаруашылық негіздері, машина және ауыл шаруашылық машиналарын жүргізу негіздері оқытылды. Мектеп оқушылары қоғамдық пайдалы еңбекке кеңінен тартылды. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Жеті жылдық мектептер саны 1946 ж. 1064 болса, 1956 ж. 2934-ке жетті. 1946 ж. Жеті жылдық мектептерде 41154 қазақ балалары оқыды. Жеті жылдық политехникалық еңбек мектебінің білім мазмұнының күрделілігі оқу сапасын төмендетті. Осыдан білім беру жүйесін өзгерту қажеттілігі туындады. 1954/55 оқу жылынан Жеті жылдық мектептің оқу жоспарына мектеп шеберханалары мен тәжірибе учаскелерінде практикалық сабақ жүргізу белгіленді, оның апталық жүктемесі 2 сағат болды. Сондай-ақ, жас өспірімдер ағаш, темір өңдеуге, қарапайым электрмеханикалық жұмыстар атқаруға үйретілді. 1958 ж. мектепті өмірмен тығыз байланыстыру, оқу жүйесін дамыту мақсатында Жеті жылдық мектептің орнына сегізжылдық жалпы білім беретін политехникалық еңбек мектебіне өту заң жүзінде іске асырылды.
Алтынсариннің кәсіптік білім беру жөніндегі ой-пікірі кеңінен қолдау тауып,1902 ж. Семейде мұғалімдер семинариясы ашылып, Орт. Қазақстан өлкесіндегі (Семей, Өскемен, Қарағанды, Ақмола) мектептерге мұғалімдер даярлау ісі қолға алынды. Онда қазақтың аса көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов, М.Ақынжанов, О.Жәутіков, Ә.Сембаев, тұңғыш генерал Ш.Қабылбаев, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов, Кеңес Одағының Батырлары: Ізғұтты Айтықов, В.А. Шулятников, Б.Бунтовских, Соц. Еңбек Ерлері: Ж.Шәйжүнісов, М.А. Носова, Д.М. Парлей, т.б. оқыды. Кейін мұғалімдер семинариясы Ташкент, Омбы, Орал, Ақтөбе, Алматы, Ақмола қаларында ашылды. 1883 – 1920 ж. аралығында оны 300-дей қазақ балалары бітіріп шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |