Сабақ түрі: семинар
Сабақ көрнекілігі: плакат, ЭО, линзалар жиынты, жинағыш және шашыратқыш линзаны көрсететін демонстрациялық құрал, таратпа материал.
Әдіс-тәсілдер: баяндау, тесттік есептер шығару, ақпараттық технологияны қолдану.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеу, амандасу, назарларын ортаға аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма, яғни №3 зертханалық жұмыстың қорытындысын тыңдау.
ІІІ Жаңа сабақ
Линза деп – екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір денені айтамыз. Олар шашыратқыш және жинағыш болып екіге бөлінеді.
Қос дөңес (1)
Жазық дөңес (2)
Ойыс дөңес (3)
Қос ойыс (4)
Жазық ойыс (5)
Дөңес ойыс(6)
Егер бас оптикалық оське параллель жарық сәулелерін түсірсек линзаның бас F фокусында жиналады.Бұл нүкте линзаның бас оптикалық осінде жатады.Линзаның екі жағында орналасқан екі бас фокусы бар.Линзаның фокустық жазықтығы деп линзаның бас фокусы арқылы линзаның бас осіне перпендикуляр жүргізілген жазықтықты айтады.Линзада фокустық жазықтық екеу, ал қосымша окустар жазықтығы шексіз. Жинағыш линзаны «↨», ал шашыратқыш линзаны «|» белгілеу енгізілген.
Дөңес линза өзі арқылы өткен жарықты бір нүктеге жинайды, сол себепті дөңес линза жинағыш д.а. Шашыратқыыш линзалардың шеті қалың ортасы жұқа болып келеді.Өзі арқылы өткен жарықты шашыратады.
Жұқа линзаның формуласымен таныспас бұрын оны кескіндеу түрімен танысайық.
f
Ғ- линзаның бас фокусы
О- линзаның оптикалық центрі
Жұқа линзаның формуласы:
(1)
Енді осы өрнекті түрлендірейік, себебі ҰБТ көбінесе осы өрнектер арқылы есептейміз.
1 өрнектен f- линзадан нәрсеге дейінгі қашықтықты табайық:
Ал d- ны тапсақ:
Ал енді линзаның бас фокусын есептейтін формула:
Линзаларда кескін салу:
Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.
Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды
Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді
Достарыңызбен бөлісу: |