Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Жарықтың қасиеттері
|
Мектеп: Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп МДШО КММ
|
Күні: 13.04.2017ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:Таңқай Қ.
|
Сынып: 8А сынып
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
§57. Жарық. Жарық жылдамдығы. §58. Күн-жұлдыз.§59. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.
|
Оқу мақсаттары
|
Қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту.
|
Сабақ
мақсаттары:
|
Жарық. Жарық көздері. Жарық жылдамдығы. Күн -Жұлдыз жайлы мағлұмат алады
Жарық. Жарық көздері. Жарық жылдамдығы. Күн –Жұлдыз жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы. Күн мен Айдың тұтылуы жайлы мағлұмат алады
Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы. Күн мен Айдың тұтылуы жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Топта бағалай алатын болады
|
Тілдік мақсаттар
|
Жарық. Жарық жылдамдығы. Күн-жұлдыз, жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы сөздерінің мәнін ашу.
|
Пән аралық байланыстар
|
География пәнімен байланысы.
|
Бастапқы білім
|
Бақылау жұмысы.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтап аламыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтаймыз. §55. Электромагниттік индукция. §56. Генераторлар. Трансформатор. Электр энергиясын алыс қашықтыққа жектізу тақырыбынан сұрақтар сұрау.
|
Плакат, АКТ қолдану,
ҚМЖ сабақ жоспар
|
Сабақтың ортасы
|
Жарық бөлшектерін фотон деп атайды.
Фотондар ағыны энергияны жарық көзінен жарықталатын денеге тасымалдайды.
Осы энергияны фотон энергиясы деп атайды.
Жарық жылдамдығын өлшеу тәсілдері:
Астрономиялық тәсіл (1676 ж. О.Ремер)
Лабораториялық тәсіл (1849 ж. И.Физо)
Жарық жылдамдығы: с=3·108 м/с
1 а. б. (астрономиялық бірлік)≈1,5·108 км
Күннің сәуле шығаруының толық қуатын оның жарқырауы деп атайды.
Ол 3,8·1023 кВт-қа тең.
Күн көлемі Жер көлемінен 1300000 есе үлкен.
Күн шарының отраша тығыздығы 1410 кг/м3.
Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы: мөлдір біртекті ортада жарық түзу сызықпен таралады. (Видеокассетадағы тәжірибе арқылы түсіндіріледі).
Жарық сәулесі жарық шоғының энергиясы тасымалдайтын бағытын білдіреді.
Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.
Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін көлеңке деп атайды. (Видеокассетадағы тәжірибе арқылы түсіндіріледі).
|