Сабақ Тақырыбы: «7-қысқы Азия ойындары»



бет2/7
Дата18.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#9800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Сабақты қорытындылау

«Сөйлемді аяқта» әдістемесі (ауызша, тізбек бойынша):


Әдістемелік нұсқаулар


Сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар
Өткізілетін уақыты - 2011 жылғы қаңтар
Сыныптағы жиһазды «Хоккей қақпасына» ұқсатып орналастыру
Жабдықтар:

  • проектор,

  • экран,

  • компьютер,

  • сурет салынған парақтар (А4 форматы) (2-қосымша),

  • логотип салынған парақтар (А5 форматы, үй тапсырмасы үшін) (3-қосымша),

  • қалам

  • маркерлер мен фломастерлер (топтың санына қарай, бір топқа алты- алтыдан)

  • медальдар (30 дана) (4-қосымша)

  • «Алтын медальдар» (шоколад сияқты болғаны жақсы) – 10 дана,

  • «Азиада-2011 картасы бейнеленген» А3 форматты 6 парақ (топтың санына қарай).


«Сәлемдесу» әдістемесі
Мұғалім оқушыларды шеңбер құрап тұрғызып, бір-бірінің қолдарынан ұстатқызады да, былай дейді: «Қазір осы жерде қысқы Азия ойындарына қатысушы барлық елдердің өкілдері тұр деп есептеңдер. Көршілеріңнің қолын ақырын қысып амандасыңдар. Алақандарыңның жылуын сезіндіңдер ме? Суықты сезінсеңдер, жылытуға көмектесіңдер. Қолдарыңды босатпай, алдымен сол жақтағы көршілеріңмен күлімсіреп амандасыңдар, кейін оң жақтағы көршілеріңмен күлімсіреп амандасыңдар. Қолдарыңды босатпай, алдымен сол жақтағы көршіңе, кейін оң жақтағы көршіңе оны бұрыннан білетіндей жылы шырай танытыңдар». Аяқталғаннан кейін мұғалім оқушыларға қолдарын босатып, орындарына отыруды (орналастыру бойынша) тапсырады.
«Суреттің атын жаз» тапсырмасы
Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы бойынша сурет салынған парақтарды таратып шығады (2-қосымша). Өз беттерінше суреттердің аттарын жазуды тапсырады. Мұғалім тапсырманың орындалуын тексереді (ауызша).
«Тізбек» командасы (Түсіндірме диктант)

Парақтарда (3-қосымша) оқушыларға «Азиада» тақырыбы бойынша сөздерді жазу тапсырылады. Әрбір сөз бірінші сөз аяқталған әріптен басталуы тиіс. Оқушылар өз еріктерімен (бірінен соң бірі емес) «тізбек бойынша» сөздерді атап шығады. Қалаған оқушы бастайды. Қажет болса, мұғалім сөз табуға көмек көрсетеді. Орындалу уақыты 5 минут.

(Диктанттың үлгісі:

Азиада, Астана, Алматы, ынтымақ, қола, атлет, трамплин, намыс, сайыс, спорт, турист ... т.с.с.)

Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін оқушыларға бір-бір «медальдан» беріліп отырады (3-қосымша). Ең көп медальға ие болған оқушы «Алтын медальді» иеленеді.


«Картограф» әдістемесі
Орындау шарттары: «Азиада-2011» картасын толтыру қажет, яғни контурлық картаға Азиада «алаңдарының», «көшелерінің», «өзендерінің» атауларын жазады. Орындалу уақыты 10 минут.

Орындау барысы:




  1. Қазылар алқасын сайлау (3 адам)

  2. Топтарды құру (сыныптағы оқушылардың санына қарай. Тең болғаны жақсы).

  3. Әр топқа «Азиада картасын», маркерлерді (фломастерлерді) таратады.

  4. Сабақтың тақырыбы бойынша білімдерін пайдалана отырып, «картаны» толтыру қажет.

  5. Дойбыдан мектеп аралық жарыстар (1-5 сыныптар аралығында)

  6. Тенистен 5 – 9 сынып аралығында.

  7. 1-3 орынды иеленген жеңімпаз топты марапаттау.

Сабақ өткізуге әдістемелік нұсқаулықтар (ІІ-нұсқа)

Өткізілетін уақыты: 2010 жылғы ____ қаңтар
Екінші нұсқа бойынша ашық сабақ акт залында бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үшін жеке-жеке өткізіледі. Сабақта проектор, экран, компьютер және көрнекі материалдар қолданылады.
Сабақ өткізетін мұғалім қосымшаларда қоса беріліп отырған ашық сабаққа көрнекі материалдарды өз қалауы бойынша қосымша таңдауына болады.
Көрнекі материалдарды жинақтау және оның мазмұны жергілікті материалды пайдалана отырып, ұсынылатын тақырып бойынша бірнеше сабақты вариациялық жинақтауға және өткізуге мүмкіндік береді.
2011 жылғы Азиадаға арналған ашық сабақты өткізуде сәттіліктер тілейміз.
Құрметпен, шығаршылық ұжым

1-қосымша


Таныстыруға арналған мәтіндер
1-СЛАЙД

Азия ойындары – Азия елдерінің спортшылары арасында әрбір төрт жыл сайын өткізілетін спорттық жарыс. Азия ойындары Азиада деп те аталады.

Алғашқы Азия ойындары 1951 жылы Үндістанда өтті. Азия Олимпиадалық Кеңесі барлық Азия ойындарын өткізуге басшылық жасайды. Әрбір ойындардың эмблемасы, туы, ұраны және әнұраны бар.
2-СЛАЙД

Жазғы Азия ойындары - ең ірі кешенді спорттық жарыстар. 16-жазғы Азия ойындары 2010 жылғы 12-27 қараша аралығында Қытайда өтті.

Азия елдерінің спортшылары арасында мынадай ойындар өткізіледі:


  • Жабық орын-жайлардағы Азия ойындары алғаш рет 2005 жылы өткізілді;

  • Жағажайдағы Азия ойындары осы уақытқа дейін 2 рет өткізілді;

  • Өңірлік Азия ойындары. Бұлай деп аталатын себебі – оған белгілі бір өңірден бірнеше ел қатысады, мәселен, Орта Азия, Оңтүстік Азия, Шығыс Азия және басқалар.

  • Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары. Олар 2009 жылдан бастап өткізіле бастады.

  • Қысқы Азия ойындары

3-СЛАЙД


Қысқы Азия ойындары Азия құрлығының спортшылары арасында өткізіледі.

  1. 1-қысқы Азия ойындары 1986 жылы Жапонияда өтті. 7 ел қатысты. Жарыстар спорттың 7 түрінен өтті.

  2. 2-қысқы Азия ойындары да Жапонияда өтті. Оған 10 ел қатысты. Жарыстар спорттың 6 түрінен өтті.

4-СЛАЙД


  1. 3-қысқы Азия ойындары 1996 жылы Қытайда өтті. 16 ел қатысты. Жарыстар спорттың 7 түрінен өтті. Үшінші ойындарға Қазақстанның спортшылары қатысып, жеңіске жете бастады. Олар 31 медаль иеленді.

  2. 4-қысқы Азия ойындары 1999 жылы Кореяда өтті. Оған 21 ел қатысты.

5-СЛАЙД

  1. 5-қысқы Азия ойындары 2003 жылы тағы да Жапонияда өтті. 17 ел қатысты. Жарыстар спорттың 11 түрінен өтті.

  2. 6-қысқы Азия ойындары 2007 жылы Қытайда өтті. 45 ел қатысып, жарыстар спорттың 10 түрінен өтті.

6-СЛАЙД


Қазақстан қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына тұңғыш ие болып отыр. 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындары біздің елімізде өткізіледі. Ойындар 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді. Оған 30 ел қатысады. Жарыстар спорттың 11 түрінен өтеді.
7-СЛАЙД

  • Биатлон – бірнеше ату шебінде кіші калибрлі винтовкадан жатып және тұрып ататын шаңғы жарыстары.

  • Тау шаңғысы спорты – арнайы жолдармен таудан төмен құлдилау.

  • Конькимен жүгіру спорты – конькимен жылдамдыққа жүгіру.

  • Шаңғы жарыстары – шаңғымен жылдамдыққа жүгіру.

  • Шаңғыда бағдарлау – бұл қолданбалы спорт түрі. Басты шарты – белгілі бір уақыт ішінде белгіленген қашықтықты жүріп өту.

  • Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған трамплиндерден шаңғымен секіру.

  • Мәнерлеп сырғанау – бұл спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл-қозғалысы.

  • Фристайл – бұл тау шаңғысы спортының бір түрі. Ол өз ішінен үшке бөлінеді: могул – кедір-бұдыр жолдың бойымен тау шаңғысымен жылдам құлдилау; шаңғы балеті – әртүрлі би қимылдарын орындай отырып, таудан құлдилау; әуе (шаңғы) акробатикасы – акроботикалық қимыл-қозғалыстарды орындай отырып, екі метрлік трамплиннен секіру.

  • Хоккей – мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын. Хоккейді шайбамен де, доппен де ойнайды.

  • Шорт-трек – хоккей алаңында белгіленген қысқа мұз жолында конькимен жүгіру.

8-СЛАЙД


Азиада-2011 бойтұмары ретінде барыстың күшігі – алан таңдап алынды. Барыс – көп мағыналы әрі мазмұнды нышан. Сақтардың мифтік таным-түсінігінде ол әділеттіктің қорғаушысы болып танылады. Барыс – қазіргі тәуелсіз Қазақстанның нышандарының бірі.

7-қысқы Азия ойындарының эмблемасы үш түсті қамтиды: көк түс еркіндік пен шексіз мүмкіндіктердің кеңістігін білдіреді, сондай-ақ спорттың жинақылық пен мақсаткерлік сияқты қырларын танытады. Қызыл түс – жеңіске деген мұқалмас жігерді, спортқа шын берілгендікті, жарыс қызуын білдіреді.

Бұл екі түс бірігіп, мұз бен жалынның шарпысуын, ақ қар көк мұздағы айтулы спорт додасы – қысқы Азиаданың айқын болмысын көрсетеді. Ойындардың эмблемасында жарыстар өтетін негізгі қалалар – Астана мен Алматының атаулары жазылған.

Ойындардың ұраны – «Мақсаты бірдің – рухы бір!».


Қысқы Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет Азия Олимпиадалық Кеңесінің Олимпиадалық Алау эстафетасын өткізу біздің елімізге сеніп тапсырылды. Аталған жоба ауқымдылығы мен маңыздылығы жағынан Азиаданың өзінен кем түспейді. Эстафета қысқы уақытта өткізіледі, эстафетаға қатысушылар Алауды жаяу ғана емес, сондай-ақ автомобильдермен, қарда жүретін машиналармен, конькимен, атпен, түйемен, квадроциклдермен, тікұшақтармен де алып жүреді. Эстафетаның өз логотипі, дизайны, стилистикасы және музыкалық безендірілуі бар.
9-СЛАЙД
Бұл Ойындар спорттық мереке түрінде ғана өтпейді. Азия ойындарының тарихында алғаш рет Азияның бай тарихи және мәдени мол мұрасын, сондай-ақ Қазақстанның төл мәдениетін көрсететін «Мәдени Азиада» өткізіледі. «Мәдени Азиада» бағдарламасында «Ұлы Жібек жолы» көшпенділердің өркениет фестивалі, «Алматы – Қазақстанның мәдени астанасы» фестивалі, мұз мүсіндерінің фестивалі, әндер мен билер фестивалі, цирк өнерінің фестивалі, спорт туралы кино фестивалі, «Ұлттық спорт түрлері» фотокөрмесі, бейнелеу өнерінің көрмесі, Азия асханаларының фестивалі және басқа да іс-шаралар.
10-СЛАЙД
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, қазақтар – қонақжай халық. Қазақтардың ең жақсы ұлттық қасиеттері – үлкендер мен қонақтарды сыйлап, күту, бейбітсүйгіштік және төзімділік.

2-қосымша



ПРИЛОЖЕНИЕ 2

________________ ______________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет