Пән: Қазақ тілі Сынып: 6
Сабақ тақырыбы
|
9-10 сабақтар. Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
6.1.5.1 – тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау;
6.5.1.1 – мәтіндерден деректі және дерексіз зат есім, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушы тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды.
Көптеген оқушы мәтіндерден деректі және дерексіз зат есім, көптік мәнді есімдерді ажырата біледі.
Кейбір оқушы мәтіндерден деректі және дерексіз зат есім, көптік мәнді есімдерді жазбаша, ауызша жұмыстарда қолданады.
|
Бағалау критерийлері
|
Тақырып бойынша өз ойын айтады, сұрақтарға жауап береді, диалог құрады.
|
Пәнге тән лексика мен терминология: бастал, аяқтал, шәкірт, ал, хабарлас.
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер. жазушы, шығарма, роман-эпопея, Абай өлеңі.
|
Бастапқы бөлім
|
Ата-ананың үлгісі, тәрбиесі туралы айтады. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады. Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
Қызығушылығын ояту. Оқушыларддың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақстында ұлы жазушы туралы деректі фильм көрсетеді, тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, сұрақтар қояды: Балалар, сендер М.Әуезов жайлы не білесіңдер?
Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. «Сұрақ-жауап» тәсілімен сұрақтарға жауап береді. (1-тапсырма) «Сұхбат құрайық!» тәсілін пайдаланып, парталас досымен диалог құрады. (2-тапсырма). Сөздікті пайдаланып, сөйлемдерді қазақ тіліне аударады. (3-тапсырма)
|
А4 парағы, маркерлер
Деректі фильм, слайдтар
Оқулық. Таныстырылым
|
Сабақтың ортасы
|
Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды орындатады. Мәтінді таңдайы, оқиды, сөздерді тіркестеріп жазады, сұрақтарға жауап береді, мәтін мазмұын бойынша жоспар құрады. «Сөздер сөйлейді», «Жазушымен сұхбат» ойындарының шартын орындайды.
Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларды сергіту үшін орындарын тұрғызып, жаттығу жасатады:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүл-Гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
|
Оқулық, аудио-таспа
Оқулық. Өлең мәтіні
Сазды әуен
|
Сабақтың соңы
|
Мұғалім топтық жұмысты орындатады, М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы постер жасайды. (10-тапсырма)
Бағалау. Бағалау «Бағдаршам» тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Әр оқушыға бағдаршамның түстеріне сәйкес дөңгелектер таратылады. Оқушылардың осы дөңгелектерді көтеруі арқылы мұғалім өткен сабақты бағалай алады.
Кері байланыс. БББ кестесі
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 11-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қажет екені түсіндіріледі.
|
Оқулық, мульт-фильм
Жасыл, сарығ қызыл дөңгелектер
Ғаламтор ресурсы
Кесте
Оқулық.
|
Достарыңызбен бөлісу: |