Сабақтың ортасы
|
Сол кездегі саяси ахуалды жеткізу үшін суреттер топтамасын ұсыныңыз. Оқушылардың міндеті:
1. Суреттерді мазмұнына қарай ретімен орналастыру (бірінші дүниежүзілік соғыс);
2. Берілген суреттер негізінде үш сөйлем құрастыру (қоныстандыру саясаты);
3. Негізгі ойды білдіретін үш сөзді анықтау (ереуілдер);
4. Осы оқиғалардың Қазақстанға әсерін көрсететін суреттерді жіктеу.
(Т)Тақырыпқа сәйкес сол заманның Ресей және Қазақстан мемлекет қайраткерлерінің айтқан сөздеріне (цитаталарын) талдау жүргізеді.
П.Столыпин, Т.Рысқұлов А.Байтұрсынов цитаталарының өзара байланысын анықтап, елде қандай тарихи өзгерістер болғандығынкөрсетіп жіктейді де салдарларын анықтайды.
(Б/Т) Оқушылар берілген мәселелер бойынша ақпаратты жинағаннан кейін ПТМС формуласын қолдана отырып оларға талдау жүргізеді:
Позиция (мен солай санаймын, бұл халық үшін ақталмаған үміттер кезеңі болды)
Түсіндіру (....себебі, жұмысшы, шаруа, зиялы, лагерлер тұтқындарының арман тілектері орындалмады)
Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)
|
Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010.
Т. Қ. Жұртбай. Алаш қозғалысы. – Алматы: Ел шежіре, 2011, 1-3 томдар
С. Сабырұлы. Қазақстан тарихы. – Алматы: Жеті жарғы, 2012.
Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2012.
|