Рухани мәдениеттілікке, елін,жерін, табиғатын сүюге, сиреп бара жатқан тірі табиғатты қорғауға деген көзқарастары қалыптасады.Сыни тұрғысынан ойлауы дамиды. Жеке,жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты,жауапкершілікті сезінеді.
Ойлау деңгейлері
Жоғары ойлау деңгейі
Алдыңғы оқу
Қадыр Мырзалиев «Табиғат-жаратылыс пернесі» шығармасы жайлы біледі. Қазақ әдебиеті, 5-сынып
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы 5 мин
1 мин
2 мин
1 мин
1 мин
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.
«Мейірімділік шеңбері» оқушылар бір-біріне сәттіліктер тілейді.
ҚБ. «Қол шапалақтау»
Үй тапсырмасымен жұмыс. «Серпілген сауал» әдісі. Үй тапсырмасын түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушылардың арасында өткен сабаққа байланысты жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады.
1.Поэма неге «Қызыл кітап» деп аталған?
2.Сиреп бара жатқан биоалуантүрлілікті сақтап қалуға өз үлесіңді қалай қосар едің?
3.Поэма идеясының құндылығы неде?