Сабақ тақырыбы Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы, Х бөлім, 4-сағат Сабақ негізделген оқу мақсаты



бет1/6
Дата24.10.2023
өлшемі0,56 Mb.
#188130
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6



Пәні:Қазақ әдебиеті

247 орта мектебі

Күні:30.10.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Калдыкыз Нуртазаева

Сынып:11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰМЖ тарауы:



4-бөлім. Табиғат және адам

Сабақ тақырыбы

Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы, Х бөлім, 4-сағат

Сабақ негізделген оқу мақсаты

11.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды.

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Шығармада көтерілген ғаламдық мәселелерді идеясымен байланыстыра талдайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Әлем жазушылары шығармаларымен үндестігін салыстырады. Автордың қорытынды ойларына өзіндік қөзқарасын білдіреді.

Бағалау критерийлері

-шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды.
-әлем жазушылары шығармаларымен үндестігін салыстырады.

Пәнаралық байланыс



«Қазақстанның Қызыл кітабы»,жаратылыстану, 5-сынып,
«Атамұра» баспасы
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы»,биология,
7-сынып, «Атамұра» баспасы

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
«Қызыл кітап» поэмасындағы сиреп бара жатқан құстар, аңдар, жан-жануарлар туралы деректерді білетін болады.

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):
Тарпан-Тарпан-Тarpan (Жабайы жылқы тұқымдасы) Дронт- Дронт-Dront (Қанатсыз құс) Онагр-Онагр-Onager (Жылқы тұқымдасына жататын жануар) Квага-Квага-Quaga (Зебра тұқымдас жойылып кеткен аң) Тур-Тур-Tur (Жабайы өгіз)

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Этрус- (Италиядағы көне тілдердің бірі)
Хазарлар-орта ғасырлардағы түркі тілі
Әңгі-есалаң, әумесер.Бұл жерде:опасыз адам мағынасында қолданылған
Сілті- 1)құрамына сутектің көрсеткіші 7-ден артық сулы орта түзіп, гидролизденетін ерімтал негіздер мен тұздар кіретін химиялық қосылыс.
2) сабан күлін суға қайнатып тұндырып алғаны. Бұл жерде: ауыспалы мағынада жаңбырдың да таза еместігі айтылған.
«Қызыл кітап», «Қызыл мандат», қызыл шырақ

Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Поэмада ең басты көркемдік тұлға кім?
2.Поэманың заманауилығы мен жаңашылдығы неде деп ойлайсың?
3.Поэмадағы бүгін жер бетіндегі аң-құстың жойылғаны сияқты ертең адамзатта жер бетінен жойылады деген ақынның түйінді ойын қалай дамытар едің?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет