J.H.Leppien:«Саралау қолданылатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әртүрлі оқитынын түсінеді және бір-бірінің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалауды үйренеді»,-деген тұжырымына сүйеніп,оқушылардың оқу-танымдық қажеттіліктері, мінез-құлық және жас ерекшеліктері ескеріле отырылып, тапсырмалар сараланып беріледі. Сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбірі үшін қолжетімді тапсырмаларды орындауға бағыттап, мақсат бойынша саралау жүргізіледі.
Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алатындықтан қарым-қатынас формалары бойынша саралау жүргізіледі.Қарым-қатынас формалары бойынша саралау топтық жұмыста көрініс табады. Топтық жұмыста оқушыларға «Шығармашылық ізденіс» әдісі бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды.
|
Оқу және оқу мақсатына жетуде оқушыларды ынталандыру уәжін арттыру үшін сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалаудың «Ауызша мадақтау», «Мадақтау сэндвичі», «Қол шапалақтау», «Бас бармақ» , «Смайлик» , «Екі жұлдыз, бір тілек»түрлері жүргізіледі. Белсенді және саралап оқыту бойынша орындалатын тапсырмалар бағалау критерийлері және дескрипторлармен бағаланып кері байланыс жүреді.
Тапсырма соңында «Бір сөйлеммен» әдісі арқылы кері байланыс берілсе,сабақ соңында «Бір минуттық рефлексия» әдісі қолданылады.
|
АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс. Қауіпсіздік техникасының ережелері түсіндірілді.
|