-Бір ай дегеніміз 30 немесе 31тәулікке созылатын уақыт аралығы.Тек ақпан айында 28 немесе 29 тәулік болады.
1-ші топ 12 айды қазақша айтады
2-ші топ 12 айды орысша айтады
3-ші топ 12 айды ағылшынша айтады
4-ші топ Сұрақтарға жауап береді
1.Бүгін қай күн және қай ай?
2.Келесі қай ай?
3.Өзің туған айларыңды атаңдар.
Әр топқа өз тобының атына қатысты жыл мезгіліне сәйкес келетін ай аттары мен топтастырып айтқызу. Әр топтың жауабын тыңдау.
-Балалар осы ай аттары ретімен жазылып,апталарға бөлінуін көрсететін кестені күнтізбе деп айтамыз. Әр айдағы күндер саны әртүрлі: 30,31,28,немесе29 күн
Күнтізбенің әр түрлі нұсқалары бар.Мысалы: үстелге қоятын,қалта күнтізбесі, жыртпа күнтізбе,қабырғаға ілетін күнтізбелер
-Біз жылда 31 желтоқсан күнінен 1 қаңтар күніне ауысқан түні жаңа жылды қарсы аламыз.
Ал қазақ күнтізбесі бойынша Наурыз айы-Жаңа жылдың бірінші айы,Ұлыстың ұлы күні.Қазақстанда Наурыз мейрамы 22 наурызда аталып өтіледі. Наурыз мейрамы көктем мейрамы және Жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.
Біз енді осы 2017 жылдың айларымен күнтізбе арқылы танысатын боламыз.
Күнтізбемен жұмыс
-Балалар, күнтізбе бізге не көрсетіп тұр?
-Жылдың айға, аптаға,күнге бөлінгенін
-Бір айда неше апта бар екен?
-Бір айда төрт апта бар
-Ал енді ең қысқа айды табайық. Ол ақпан айы.Ақпан айында 28 күн болады және төрт жылда бір рет 29 күн болады.
-Қай айларда 30 күн бар?
-Қай айларда 31 күн бар?
-Айларды күндермен санайтын болсақ неше күн болады?
- 365 немесе (366) күн болады. Оны біз 1 жыл деп айтамыз.
Сен білесің бе?
Айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады.Күнтізбесіз айдағы күндер санын сақтау үшін , саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін қолдануға болады.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейінсолдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни бірінші ай қаңтар- бұл айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай –ақпан. Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді.яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі- бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға - бұл айда 30 тәулік. Осылайша 9 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету.
Есіңе сақта! 1апта-7күн
1айда-30 немесе31 күн
1 жыл-12 ай
1жыл-365 немесе (366) күн
Сергіту сәті:
Сен білесің бе?
Күнтізбе бойынша анықта.
а)Талғаттың туған күні- 9 сәуір.Бұл аптаның қай күні?
Жауабы: сенбі
ә) Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады.Сәуір айында оқушыларда неше демалыс күні болады?
Жауабы: 9 күн
б) Әмір сейсенбі және бейсенбі күндері қазақша күрес үйірмесінде жаттығады.Ол сәуір айында неше рет жаттығуға қатысады.
Жауабы: 8 күн
Бағалау критерий:Күнтізбенің көмегімен сәуір айына берілген демалыс және үйірмеге қатысатын күндерді санайды.
Дескрипторлар: Талғаттың туған күні аптаның қай күні екенін біледі-1балл__Сәуір_айындағы_демалыс_күндерді_анықтайды_-1балл__Сәуір_айында_Әмірдің_күрес_үйірмесіне_неше_рет_баратынын_айтады-1балл'>1балл
Сәуір айындағы демалыс күндерді анықтайды -1балл
Сәуір айында Әмірдің күрес үйірмесіне неше рет баратынын айтады-1балл
Шығарып көр.
1) Арман 1 ші қыркүйектен бастап санап, жаңа жылдың неше айдан кейін келетінін білмекші болды.Оған көмектес.
Жауабы: 4 айдан соң.
2) 1қаңтардан кейін 5 ай өтті. Қазір қай ай болды?
Жауабы: шілде
Бағалау критерий:Айлардың реті мен атауын,уақытты айлармен санап үйренеді.
Дескрипторлар:
1)Арманға көмектесу.Жаңа жыл неше айдан кейін келетінін анықтайды 1балл