Сабақ Тақырыбы: Қайталау сабақтары. Геометрияға бастама Мақсат



бет2/7
Дата26.05.2017
өлшемі488,64 Kb.
#17028
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7




9 – слайд Жазықтық

Жазықтық — геометрияның негізгі ұғымдарының бірі. Геометрияның жүйелі курсын тұжырымдағанда жазықтық ұғымы бастапқы ұғым ретінде алынады. Ол екі өлшемді бейнелейді.



10 – слайд Фигуралардың теңдігі

  • Өлшемі және пішіні тең екі фигура тең фигуралар деп аталады

Мысалы:

Екі кесінді тең, егер олардың ұзындықтары тең болса.








11 – слайд Геометрия аксиомалары

Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем аксиома деп аталады.

Мысалы:


  1. Қандай түзуді алсақ та, ол түзуге тиісті нүктелер де, оған тиісті емес нүктелер де бар болады.

  2. Kез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады.




12 – слайд Теорема

  • Теорема – дәлелдеуді қажет ететін тұжырымдама

  • Теоремалардың кері теоремасы болады. Бірақ, барлық теореманың кері теоремасы жоқ.




13 – слайд Теорема

Мысалы:

1) Егер үшбұрыштың бір төбесінен түсірілген биссектрисасы, медианасы және биіктігі, барлығы, беттессе, онда бұл үшбұрыш – теңбүйірлі үшбұрыш.



Осы теоремаға кері теорема:

2) Егер үшбұрыш теңбүйірлі болса, онда оның екі тең бүйірі қиылысқан төбесінен түсірілген биссектрисасы, медианасы және биіктігі, барлығы, беттеседі.






14 – слайд Сыбайлас бұрыштар

  • Сыбайлас бұрыштар деп бір қабырғасы ортақ болған, жазық бұрыштың екі бөлігін айтамыз.

М
1
ысалы:


2




  • Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180­o - қа тең. Өйткені олар жазық бұрыштың екі бөлігі.




15 – слайд Вертикаль бұрыштар

  • Екі қабырға қиылысып, пайда болған төрт бұрыштың тең бұрыштарын – вертикаль бұрыштар дейміз.

∠AOC мен ∠DOB вертикаль бұрыштар

∠COB мен ∠AOD вертикаль бұрыштар

Олар өзара тең!





іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Сыбайлас бұрыштар мен вертикаль бұрыштардың айырмашылығы

Геометрияның негізгі ұғымдарын атаңыз

Теорема мен аксиоманың айырмашылығы









Қорытынды:___________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру





Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Кесінді нүктелерден жиынтығынан құралған ба?

  2. Бір сәуле неше нүктелердің жиынтығынан құралған деп ойлайсыз?

  3. Егер кесінді нүктелерден құралған болса, жазықтық кесінділердің жиынтығынан құралған деуге бола ма?

  4. Сыбайлас бұрыш бола алатын екі бұрышты атаңыз

  5. Вертикаль бұрыш бола алатын екі бұрышты атаңыз

  6. Сыбайлас бұрыш ең көп дегенде қанша градусқа тең бола алады?

  7. Вертикаль бұрыш ең көп дегенде қанша градусқа тең бола алады?


ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Екі түрлі жазықтықта жатқан фигуралар тең бола ала ма?

  2. Екі кесінді бір нүктеде қиылысып, төрт бұрыш пайда болды.
    Сол бұрыштардың ішіндегі сыбайлас бұрыштардың бірі 60o-қа тең, ал вертикаль бұрыштардың бірі 120o-қа тең. Осы айтылған тұжырымдама дұрыс па? Осындай вертикаль және сыбайлас бұрыштар табылады ма?

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. “Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180o-қа тең”. Осы тұжырымдаманы теорема деп алып, осы теореманың кері теоремасын жазыңыз.







іV. шығармашылық әрекет





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет