Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Аккордтар еліне саяхат»
«Өнер» бөлімінің сольфеджио пәнінің мұғалімі:Еркінгалиева Г.Қ.
Орал қаласы
Сабақтың жоспары
Ұйымдастыру бөлімі.
Ақпараттық кезең.
Практикалық кезең.
Таблицамен жұмыстану.
Естіп ажырату.
Сергіту сәті.
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әртүрлі аккорд түрлерімен таныстырып, осы аккордтардың құрылымын білуге, әндетіп, ажыратуларын бақылап, музыкалық білмдерін көтеру.
Күтілген нәтиже: Берілген әуендерде аккорд түрін анықтау, карточкалар бойынша әртүрлі тапсырмаларды шешулері, ойналған үзінділерде аккорд түрін тыңдап, есту арқылы ажырату.
Сабақтың көрнекілігі: Тақта, әртүрлі карточкалар, сольфеджио оқулықтары, фортепиано аспабы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жүру барысы: Ре - бемоль мажор гаммасын әртүрлі өлшемдерде дирижерлап әндету, дауыс келтіру.
а) Ре - бемоль мажор тональдігінде жоғары, төменгі бағыттағы секвенцияларды жылдам екпінді мәнерлі әндетулерін тәрбиелеу.
б) Ре - бемоль мажор тональдігінде басқыштарын, аккордтар тобын естіп ажырату.
в) Ре бемоль мажор тональдігінде келесі аккордтар тобын әндету:
Т5/3 - S6/4 - T5/3 - D6/5 - T5/3
I I I VII I
Үй тапсырмасын тексеру:
Ре, ми дыбыстарынан доминантсептаккорд айналымдарымен және көшулерімен құрып келу.
В.Флис, Я.Якубяк №46, №51 жатқа әндету. Бұл жаттығуларда кездесетін аккордтарды талдап, тасымалдап әндету.
Г.Ф.Калинина «Жұмыс дәптері». Келесі жаттығуларды, секвенция арқылы әндету.
Есте сақтау қабілетін сергіту: Өткен аккордтарды тыңдап, қай аккорд шырқалғанын анықтап, есте сақтау қабілетін тексеру.
Сыныптағы жұмыс: Музыкалық диктантты талдау, әндету.
Р.Ромм №80, №85 жаттау, дирижерлап әндету, тасымалдау.
№80 келесі сөздермен әндету: «Тоника, субдоминанта, терцквартаккорд, тоника, терция, кварта, квинтсекстаккорд, тоника».
№85 «Пунктир ырғағымен, секундаккорд, тоника, пунктир ырғағымен, доминанта, тоника».
В.Флис, Я,Якубяк келесі ырғақтарды екі топқа бөлініп, кезекпен-кезек соғу, екі қолымен жеке соғу. Екі дауысты жаттығуды әндету, №117.
Теориялық білімдерін тексеру:
Келесі тональдіктерді әріп арқылы шешіп, таңба белгілерін атау.
1)
В
А
Es
Cis
Fis
2) Келесі ноталар арқылы үшдыбыстықты анықтап, энгормониялық теңдік тональдықты анықтау.
Cu b - ре b - фа = ?
Фа # - ля # - до # = ?
Ми b - соль b - cu b = ?
До # - ми # - соль # = ?
3) Келесі үлкен, кіші аккордтардың түрін шешу:
ү.3 + m.4 =
m.3 + ? = Ү6/4
? + m.4 = Ү6
m.4 + к.3 =
4) Келесі негізгі үшдыбыстылықтардың айналымдарын, көшуімен шешу:
5) Келесі сандар арқылы үшдыбыстың түрін шешу:
135
572
461
00
11
01
10
6) Д7-тың айналымдарын шешу:
ү.2 + ү.3 + к.3
ү.3 + к.3 + к.3
к.3 + ү.2 + ү.3
к.3 + к.3 + ү.2
Үйге тапсырма: Музыкалық диктантты жаттау, ля-минорда ойнау. Фа дыбысынан Д7-тың айналымдарын құрып, әуендерді қайталау.
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Жеті музыкалық дыбыс әлемі»
Достарыңызбен бөлісу: |