Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
10.4.3.10 алкандар айтарлықтай дәрежеде енжар болып табылатындығын білу;
10.4.3.11 алкандардың жану өнімдерін білу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Алкандардың инетрттілігі молекуладағы химиялық байланыс түріне тәуелділігін түсіну;
Графикті пайдаланып, жану жылуы өзгерісін анықтау;
Бастапқы 5 алканның жану теңдеулерін жазу;
Алкандар формуласын анықтауға есептер шығару.
|
Жетістік критерийлері
|
Алкандардың инерттілігін дұрыс түсіндіреді;
Бастапқы 5 алканның жану теңдеулерін дұрыс жазады;
Жану өнімдерін салыстырады;
Берілген графикті пайдаланып, жану жылуы өзгерісін анықтайды;
Алкандар формуласын анықтауға және жану өнімдерін есептеуге байланысты есептерді дұрыс шығарады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер.
Электрондық құрылыс, көміртегі, коваленттік байланыстар, органикалық қосылыстар, сыртқы қабаттағы электрондар, одан жасалған ядро, одан құралған нысаны, құрылысы.
Көміртегі атомы, одан жасалған / одан тұратын ...
Сыртқы қабатта/көміртегі атомында X / Y электрондары бар.
Ол Xбайланыстар/ коваленттік байланыстар құрай алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет, коллаборативті мәдениет.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Физика, биология, экология.
|
Бастапқы білім
|
Алдыңғы бөлімдердің көпшілігі өзара байланысты.
Көміртегі қосылыстары (6.3С).
Атомдардағы электрондардың қозғалысы (8.2A).
Көміртегі және оның қосылыстары (8.4B).
Қосылыстардың құрылымдары (9.1В).
|
Сабақ барысы
|
Сабақ бөлімдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Ой қозғау
|
Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.
Ой қозғау.
Bilimland.kz. Бейне көрініс. «Алкандардың инерттілігі».
Проблемалық сұрақ: қараңғы жерде метан мен хлор неге әрекеттеспейді? Ал жарық жерде әрекеттесіп, хлордың сарғыш түсі біртіндеп жойылады? Алкандардың химиялық қасиеттері қандай? Олар не себепті инертті?
Бейне көріністі талқылай отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Жетістік критерийлерін көрсету.
|
Ноутбуктер.
Алкандардың инерттілігі:
http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D0%B0%D0%BB%D0%BA%D0%B0%D0%BD&lesson=11342
|
Мағынаны тану
|
Мұғалім түсіндірмесі. «Алкандардың реакцияға түсу мүмкіндігі».
Молекулаларға шабуылдайтын реагенттер реакциясының мүмкіндіктерін талқылау. С-Н байланысы берік болатынын және оны ажырату оңай еместігін түсіндіру, сондықтан, көмірсутектер шектеулі реакцияға түседі.
Қорытындылау. Алкандардағы көміртек пен сутек атомдарының электр терістіліктері бір-біріне жақын болғандықтан, олар оңайлықпен үзіле қоймайды. Сондықтан реакция бірден түспейді.
Жеке жұмыс «Жану өнімдері» бейне көрініс көрсету арқылы тапсырма беріледі.
Оқушылар бастапқы 5 алкандардың жану реакция теңдеуін жазып, теңестіреді, өнімдерін атайды. Алынған мәліметтерді пайдаланып, кесте құрастырыңыз.
Тапсырма: Бастапқы 5 алканның жану теңдеуін жазу.
Талқылау. Алкандардың жану өнімдерін талқылау. Мәні әлдеқайда төмен болады. Көміртек көбейген сайын бөлінетін көмірқышқыл газы артатындығын анықтап, қоршаған ортаға тигізетін әсерін баяндайды.
Бағалау критерийі:
формулалары дұрыс;
теңдеуді дұрыс жазған;
теңдеуді дұрыс теңестірген;
құрамында көміртек атом саны көбейген сайын көмірқышқыл газының мөлшері артатынын түсінеді.
Жұптық жұмыс. «Ия немесе жоқ» bilimland.kz сайтынан тапсырма орындау.
Тапсырма. Графикті негізге ала отырып, тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екенін анықтаңыз.
|