Сабақ Тақырыбы: «Алюминий және оның қосылыстары»



бет1/2
Дата24.04.2017
өлшемі248,08 Kb.
#14796
түріСабақ
  1   2
«Бекітемін»

Мектеп директоры

_______Оспанова Н.О


Ашық сабақ
Тақырыбы: «Алюминий және оның қосылыстары»


Орындаған: Бахытжанов Б.Ж

2015-2016 Оқу жылы

Күні: 25.02.16

Сабақтың тақырыбы:  Алюминий және оның қосылыстары.

Сыныбы: 10 «А»

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың алюминий және оның қосылыстары жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету.

ә) дамытушылық: Өз беттерімен есеп шығара білуге сонымен қоса шығармашылықпен жұмыс істеуге және өз білімін тексеруге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру

б) тәрбиелілік: топпен жұмыс жасай білуге, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, .

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Оқытудың әдісі: сыни тұрғысынан ойлау, тірек - сызбалар.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнеролик, сызбанұсқа.

Пәнаралық байланыс: география, биология, физика.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

 а) алюминий қосылысының ашылу тарихын ажырата біледі.

ә) алюминийдің өндіру технологиясын сипаттай алады.

б) физикалық, химиялық қасиеттерін жазады.



I. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабақ басталар алдындағы психологиялық дайындығы. (Менің бүгінгі сабақтағы көңіл-күйім)

  2. Сабақтың ұраны: «Іздесең -  табасың, талаптансаң – жетесің, зейін салсаң – ұғасың» деген ұранмен бүгінгі сабағымыздың жоспары құрылады. (төс белгі ретінде оқушыларға тағып қою)

II. Өткен тақырыпқа шолу. (Бейне сұрақ) Оқушылар өткен сабақтарда біз Химия ауылының тұрғыны S- элементтер атты үлкен қария мен танысқан болатынбыз. Ол кісінің үш ұлы бар. Үлкен ұлы Натрий, екінші ұлы Калций, және кенже ұлы кермек су. Өткен тақырыбымызда біз кенже ұлы Кермек су мен танысқан болатынбыз. Ендеше сол Кермек суды бір еске алып жіберейік.Оқушыларға бейне сұрақ қойылады.

Не білуіміз керек? (қызығушылықты  ояту )

(бес шумақ өлең жолдарымен)

«Алюминий – қанатты металы» сипатталады.

Болмаса да айтарлықтай салмағым

Көп металдан ардақтымын алдамын

Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап,



Жердің жүзін,көк аспанды шарладым.... бұл қандай элемент канекей кім жауап берет? (Алюминий) демек біздің бүгінгі ашық сабағымыз тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары. Оқушыларға Инсерт кестесін толтыруға беріледі.


Білемін

Мен үшін жаңалық

Білдім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


III. а)Жаңа сабақ (жаңа сабақ түсіндіру барысында оқушылармен рөлдік ойын ойнаймыз яғни 4 кейіпкер олар химик, физик, биолог, географ ) Химик:Ашылу тарихы

V. Не білеміз? Мағынаны ашу.



 

(Физик, , Геогрф, Биолог, Химик)



  1. Физик. Алюминий – күміс түсті, ақ, жеңіл металл, тығыздығы – 2,7 г/см³ балқу температурасы 660,4°С, қайнау температурасы 2467°С. Өте иілімді, одан жіңішке сым жасауға және фольгаға айналдырып таптауға да болады. Электр өткізгіштігі күміс және мыстан кейінгі деңгейде.

  2. Географ. Алюминий кеңдерінің бай қорлары Қазақстанда, Оралда, Хибин тауларында, Башкирияда, Сібірде кездеседі. Боксит - Al₂O₃-nH₂O Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар. Олар Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Павлодар алюминий зауытында металл күйіндегі алюминий өндіріледі.

  3. Биолог. Ересек адам күніне алюминийдің 30-50 мг қажет етеді. Күнделікті өмірде оны нан өнімдерінен аламыз. Шайдың құрамында суға қарағанда  20-200 есе көп болады. Алюминий судың, ауаның, дәрілік препараттың, иіс сулардың, алюминийден жасалған ыдыстарда болады. Алюминий зат алмасуға, жүйке жүйесінің қызметіне, жасушаның көбеюі мен өсуіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ағзадағы көп мөлшері қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, есінен тануына да әсер етеді. Кейбір зерттеулерде алюминий мидың зақымдануына да әсер етеді. Алюминий тұздарының көп болуы ағзадағы кальцийді төмендетеді, фасфордың адсорбциялануын азайтады, сүйектегі, бауырдағы, мидағы алюминийдің құрамын 10-20 есеге арттырады.

  4. Химик:




 IV. Сабақты бекіту:


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет