1.Тақырыппен таныстыру
III-деңгей / тақырып бойынша алынған, ақпаратты қолданып, жеткізе білу/
1. Сөйлемдерді мәтін негізінде толықтырыңдар.
1) Жолға шыққанда киетін киім, (қандай?) …, …, …. болуға тиіс.
2) Ер кісі саяхатқа шығады (немен?) …., …, ….. кигені дұрыс.
3) Әйел саяхат жасағанда (нені?) …, …, ….. кигені дұрыс.
Қандай? — қай сөз табының сұрағы? / сын есімнің /
Немен? — қай септіктің сұрағы? / көмектес септіктің/
Нені? — қай септіктің сұрағы? / табыс септіктің/
2. Синоним сөздердің қатарын есте сақтап, олардан сөйлемдер құраңдар. /өз ара туыс сөздер/
1) Қолайлы, 2) орайлы, 3) оңтайлы.
Керекті сөздер: Қолайлы киім, орайлы іс, оңтайлы көлік.
Жолға шыққанда қолайлы киім сатып алғым келеді. / қалау рай -ғы + келеді/
Орайлы іс болса, кешке дейін келеміз. / шартты рай -са + келеміз -көпше түрде/
Сен өзіңе оңтайлы көлік сатып ал. / бұйрық рай -2жақ -сен- жекеше түрде/.
II-деңгей / ақпаратты талдай білу/
1. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар.
Сөйлемде: болуға — болу, алған — алу, шығ — шығу, болуы — болу
Ереже: Етістіктің түбіріне -у- жұрнағын қосу арқылы жасалатын етістік. Мыс: Жүгіру, беру, алу, айту т.б.
Етістік дегеніміз сөйлемдегі қимыл-іс әретті көрсететін сөз табы. Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтты? Айтты, салды, көрді, киді т.б.
2. Мына сұраққа жауап беріңдер:
а/ Сапарға шыққанда киетін киім қандай болуы керек?
б/ Сапарға шыққанда киетін киім қарапайым, жинақы, қолайлы және ыңғайлы, спорт киімінің үлгісінде болуы керек.
қарапайым, жинақы, қолайлы және ыңғайлы, спорт киімінің үлгісінде
Сұрағы: қандай? Сын есімдер.
I-деңгей. / сұрақтары шығармашылық сипаттан тұрады/
1. Жолға шыққанда жылдың әр мезгілінде сендер қандай киім киесіңдер?
Жолға шыққанда жылдың әр мезгілінде мен әртүрлі киім киемін.
1. Қыста мен тон, малақай, пима, қолғап жылы киімдер киемін. Себебі қысты күні ауа райы суық, боранды болады.
2. Күзде ауа райы жаңбырлы болады мен куртка, шапка, шарф тағамын, етік киемін.
3. Көктемде мен жеңіл киім киемін себебі күн жылына бастайды, қар ериді жейде, шалбар, көйлек, орамал тағамын.
4. Жазда мен өте жеңіл киім киемін себебі күн ыстық болады сарафан, әдемі көйлек, қысқа шалбар, халатпен жүремін.
2. Етістіктің рай категориясы туралы түсінік беріңдер. Сөйлемдерді мысалға келтіріңдер.
Рай-беталыс, бағыт дген сөз. Етістіктің райлары орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын, көзқарасын білдіреді.
Етістіктің 4 түрлі райы бар олар шартты рай, / бұйрық рай, / қалау рай, / ашық рай.
|