V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі
Балалар, сабағымызға бір ғажайып ағаш пайда болыпты (ағашта нан тағамдарының суреттері ілулі тұрады)
Өтірік әңгімені оқып беру.
- Баяғы заманда бір патшалықтағы балалар бір дән тауып алыпты. Сол дәнді терезенің алдына отырғызыпты. Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес, алмұртта емес, апельсинге де ұқсамайтын нан, тоқаш, бауырсақ, печенье өсіпті. Балалар болса түскі асқа да, кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті.
- Балалар, бұл дұрыс па? Нан ағашта өсеме? Нан тағамдарын неден жасайды? Нан дастарханға қалай келеді?
- Оны білу үшін бүгінгі сабақта біз бірнеше тапсырмалар орындаймыз.Олай болса іске сәт балалар!
- Нан дастарханға қалай келеді? Біріншіден, бидай егіледі.
- Біз де жай отырмай бірінші тапсырманы орындайық
(Жаңа сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды. Әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау. А) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.
Б) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал ол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға шығып аудармасын жазады.)
(Балалар, осылай біз бидайды отырғыздық)
V. Бидай шайқалып жақсы өсу үшін біз келесі тапсырманы орындаймыз.
Соңғы өтілген тақырыптар бойынша қисынды ойлау қабілетіне берілген сызба бойынша жұмысты ұжымдық түрде орындау.
Адасқан сөздерді орнына қою.
Сүт, алма, нан, алмұрт, қант, қызанақ, тұз, орамжапырақ, картоп, сәбіз, ірімшік, шұжық.
Азық- түлік Жемістер Көкөністер
Жарайсыңдар, балалар! Біздің бидайымыз шайқалып өсті.
Енді, күз келісімен бидайымызды жинап алуымыз керек. Бидайды тез жиналу үшін келесі тапсырманы орындайық.
|