Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және компьютер тарауларын қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және компьютер тарауларын қайталау.
Сабақтың мақсаты: тарауды қайталау, алған білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Білім сапасын арттыруға және пінге қызығуын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: өз бетінше жұмыс жасау үшін тапсырмалар топтамасын ұсыну арқылы оқушылар білімін тексеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын және оқу құралдарын тексеру.
Жазда жасыл, қыста ақ жұмбағының жауабын 16 және 2 код түрінде жазыңдар. (Жер)
16 код: Ж - 86; е - А5; р - Е0
2 код: Ж-1000 0101; е – 1010 0101;
р – 1110 0000
5. Бит, байт дегеніміз не?
6. “Тәуелсіз Қазақстан” деген сөзде қанша бит, байт бар?
ІІ - тапсырма
Информатика пәні нені зерттейтін ғылым?
Ақпараттық процестерге не жатады?
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы?
Компьютерде өңделетін ақпараттың түрлері?
Тапсырма:
Мына сөздер ақпараттың қандай түрлеріне жатады?
Оқулықтағы мәтін, музыка, көбейту кестесі, схемалар, әр түрлі сурет, кино, компьютер суреті,диктант, әр түрлі сызбалар, мультфильм, компьютердегі ойындар, үнтаспадағы әуендер.