Мектеп: 71 жалпы орта мектебі
|
Сабақ тақырыбы: Қарапайым тригонометриялық теңдеулер
|
Күні
|
Мұғалімнің есімі: Чимирбаева Жауқазын
|
Сынып:10
|
Қатысқандар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
10.2.3.8 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
|
Сабақ мақсаттары:
|
Оқушылар:
- Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешеді
- Түрлендірулерді қолдану арқылы, қарапайым тригонометриялық
теңдеуге келтіреді
- тригонометриялық теңдеулердің шешімінің дербес түрлерін ,яғни
, біледі және қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- тригонометриялық теңдеулер, теңдеулер жүйелерінің шешімдерін түсіндіреді;
- есепті шешу үшін таңдап алынған тәсілге түсінік береді;
- таңдап алынған тәсілді бағалайды;
|
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
Оқушылар:
-қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешеді;
-тригонометриядық теңдеулердің шешу әдісін біледі және қолданады;
- қарапайым тригонометриялық түрлендірулерді есептерде қолданады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу. Өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, сынға түсіністікпен қарау, топта жұмыс жасай білу;
|
Пәнаралық байланыстар
|
Геометрия, физика
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта, таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар.
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
|
Тригонометриялық формулалар, тригонометриялық функциялардың мәндері. Келтіру формулалары.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
2-5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу.
Психологиялық ахуал орнатамын.
Белсенді оқу әдісі: «Жүректен жүрекке»
Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге байланысты жағымды тілектер айтады.
« Ашық микрафон» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын және өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарды қоямын.
1.Тригонометрия сөзінің мағынасы?
2.Тригонометриялық функцияларды ата.
3.sin1800 мәні нешеге тең?
4.соs00 мәні нешеге тең?
5,tg 900 мәні нешеге тең?
6.ctg 450 мәні нешеге тең?
Мадақтау сөздерін айтып, оқушыларды қанаттандырамын.
|
|
|
ноутбуктер немесе интербелсенді тақта
Микрофон
|
Ортасы
7 мин
Жеке жұмыс
5-10 минут
|
Белсенді оқу әдісі: «Миға шабуыл»
Мақсаты: Оқушыларға сұрақ қою арқылы тақырыптың мазмұнын ашу. Оқушыларға бүгінгі тақырыпқа байланысты формулаларды көрсетіп, мысалдарды қарастырамын.
Оқушыларға қарапайым тригонометриялық теңдеулердің анықтамаларын оқуға беремін, олар талдайды керекті материалдарды дәптерлеріне жазып алады.
«Сиқырлы формулалар» тәсілін қолдану арқылы бүгінгі тақырыпқа байланысты есептеп шығарады.
Sin= 2) ctgx= 3)tgx== ;
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешеді
|
Формуланы пайдаланады
|
Есептің шешімін табады жауабын жазады.
|
ҚБ: Мадақтау арқылы бағалау (Жарайсың! Бәрі де қателеседі,
түзету үшін шаршама!)
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: (сараланған) оқушылардың білім деңгейлеріне қарай есептер ұсынамын.
А деңгей . Теңдеулерді шешіңіз:
В деңгей. Теңдеулерді шешіңіз:
С деңгей. Теңдеулерді шешіңіз:
теңдеуінің аралығында жататын шешімдерін табыңыз.
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
-тригонометриядық теңдеулердің шешу әдісін біледі және қолданады;.
|
Формуланы пайдаланады
|
түрлендіреді
|
Есептің шешімін табады жауабын жазады
|
«Қатемен жұмыс» әдісімен бағалау. (Интербелсенді тақтадан есептің жауаптарын көрсету арқылы және оқушылардың дәптерін алмастыра отырып қанша есепті дұрыс шығарғандығын анықтаймын)
ҚБ: Смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау (өте жақсы, жақсы, орташа)Саралау тәсілін қорытындылай келе (барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп,олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігіне сабақ түсінікті болғанына көз жеткіземін)
|
ноутбуктер немесе интербелсенді тақта
Оқулық:
Алгебра және анализ бастамалары 11 - сынып
Алматы
« Атамұра»
|
Жұптық жұмыс
6- минут
Аяқталуы
5- минут
|
Белсенді оқу әдісі: «Сәйкесін тап» тапсырмасын орындатамын.
Мақсаты: тригонометриялық теңдеулер берілген оларды бірлік шеңберіндігі шешімдерімен сәйкестендіреді.
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
қарапайым тригонометриялық түрлендірулерді есептерде қолданады.
|
Формуланы пайдаланады
|
түрлендіреді
|
бірлік шеңберіндігі шешімдерімен сәйкестендіреді
|
Қ.Б Интербелсенді тақтадан жауаптарын көрсету арқылы бірін бірі бағалайды.
Сабақты қорытындылаймын, оқушыларға сабақтағы жұмыстарына сәйкес кері байланысты беремін.
Үйге тапсырма: Теңдеуді шешу (19.1)
«Тілек ағашы» әдісі арқылы оқушылар сабақта түсінген түсінбегенін жазып, стикерге жапсырып рефлекция жасайды.
|
Оқулық:
Алгебра және анализ бастамалары 11 - сынып
Алматы
« Атамұра»
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
Тапсырманы саралау үшін жеке жұмыс, жұптық жұмыс, тапсырма алдым. Тапсырмалар оқушылардың қажеттіктерін есепке алып сараладым.
Саралау тәсілінде қорытындылай келе барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп,олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігіне сабақ түсінікті болғанына көз жеткіздім.
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
|
Қ.Б «эмоция» әдісі арқылы өзара бағалау жүргіздім
ҚБ: Мадақтау арқылы бағалау (Жарайсың! Бәрі де қателеседі,
түзету үшін шаршама!)
ҚБ: Смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау (өте жақсы, жақсы, орташа)
Қ.Б Интербелсенді тақтадан жауаптарын көрсету арқылы бірін бірі бағалау.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.
|