Сабақ тақырыбы: Архимед заңы. Мақсаты: а білімділік: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының



бет2/2
Дата05.11.2016
өлшемі497,43 Kb.
#943
түріСабақ
1   2
итеруші күш немесе Архимед күші деп атайды (Ең алғаш осы күштің бар екенін және оның неге тәуелді екенін Архимед анықтады). 2, б-суретте осы күш FА деп белгіленеді.

Енді архимед күшінің сан мәні неге тең соған тоқталсақ.



Тәжірибе жасайық (3-сурет) 1 серіппеге кішкентай шелек (қаушақ) 2 және цилиндр формалы денені 3 ілейік. Штативтегі көрсеткіш-тілшенің орнын белгілейміз (3, a-сурет) де, денені су құйылған ыдысқа төгілетін түтікке дейін батырамыз. Бұл кезде суйықтың біраз бөлігін дене ығыстырып шығарады да ол стаканға төгіледі (3, б-сурет), оның көлемі дененің көлеміне тең. Осы кезде сұйыққа батырылған дененің салмағының азайғандығын серіппенің көрсеткішінің жоғары көтерілуі білдіреді.



a

б

в

3-сурет

Біз жоғарыда сұйыққа батырылған дененің салмағы, кері итеруші архимед күшіне тең шамаға азаятындығын білеміз. Бұл шама дене ығыстырып шығарған сұйықтың мөлшеріне байланысты ма? Бұны анықтау үшін стакандағы сұйықты 2 шелекке құяйық. Көрсеткіш-тілшенің алғашқы орнына қайтып келгенін көреміз (3, в-сурет). Бұл дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағы, сұйыққа батырылған дененің қанша салмақ жоғалтқанына тең екендігін көрсетеді. Сұйықтағы дененің салмағы сол дененің ауадағы салмағынан кері итеруші күш шамасына тең шамаға аз болады. Сондықтан біз қорытындылай келе мынадай тұжырымға келеміз:

Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады.

Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен — Архимед заңы деп аталады.

Денеге әсер ететін Архимед күші FА төмен қарай әсер ететін салмақ күші mсg-мен теңеседі. (мұндағы mс — берілген дене көлеміндегі сұйық масасы):


 

FА = mс g.

 (1)

Бірақ салмақ күші mcg ығыстырылып шығарылған сұйықтың салмағына Рс тең. Сонымен FA= Рс тең. Сонымен FA= Рс тең екені дәлелденді.

(1) формуласын басқа түрде жазуға болады. Сұйықтың массасы mс оның тығыздығы ρс мен Vс көлемінің көбейтіндісіне тең екенін ескеріп



 

FА = ρcVcg.

 (2)

Vc — ығыстырылып шыққан сұйық көлемі.

Бұл көлем дененің сұйыққа батып тұрған бөлігінің көлеміне тең болады. Егер дене сұйыққа толығынан батып тұрса, онда сұйық көлемі дене көлемімен V бірдей болады, ал егер жарты бөлігі батып тұрса, онда дене көлемінен V аз болады (4-сурет).



а

б

4-сурет

(2) формула газдардағы архимед күші үшін де дұрыс орындалады, тек бұл жағдайда газ тығыздығы мен ығыстырылып шыққан газдың көлемі, сұйық орнына алынады.

Жоғары айтылғандарды ескере отырып, Архимед заңын былай тұжырымдайды:



Тыныштық күйдегі сұйыққа (немесе газға) батырылған кез-келген денеге сұйық (немесе газ) тарапынан кері итеруші күш әсер етеді, оның шамалы сұйықтың немесе газ тығыздығын еркін түсу үдеуімен сұйыққа (немесе газға) батып тұрған дене бөлігінің көлемінің көбейтіндісіне тең болады.

Сұйықтықтың барлығында, әр түрлі тереңдікте әр түрлі гидростатикалық қысым болғандықтан Архимед (кері итеруші) күші тек суда емес, басқа да кез келген сұйықта әсер етеді. Одан басқа бұл күш газдарда да әсер етеді, осы себептен әуе шары, дирижаблі ұшады.


Жаңа сабақты қорытындылау.

  • Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері _____________ әсер етеді.

  • Бұл күш жоғары бағытталған, оны _______________ немесе ____________деп атайды.

  • Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы ______________айырмасына тең.

  • Архимед күші дененің ығыстырып шығарған ____________________

  • Архимед заңы мына түрде жазылады: ____________

  • Архимед заңы арқылы әуеде _______, суда кемелер __________, сүңгуір қайықтар _______ .

Пысықтау тестері:


1. Архимед қай кезде өмір сүрген?

  1. б.з.б. 277-212

  2. б.з.б. 287-212

  3. б.з. 212-287

  4. б.з. 212-287

2. Сұйыққа батырылған денеге қандай күш әсер етеді

  1. төмен басушы

  2. төмен тартушы

  3. кері итеруші

  4. кері тартушы

3. Архимед заңы дұрыс жазылған теңдеу

  1. ҒА=pVg

  2. ҒА=Vg

  3. ҒА=mVg

  4. ҒА=mgh

4. Көлемі 1 м3 денені суға батырсақ қанша кері итеруші күш әсер етеді? Судың тығыздығы -1000кг/м3.

  1. 1000Н

  2. 100Н

  3. 10000Н

  4. 10Н

5. Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді?

  1. Дененің көлемі мен сұйықтың тығыздығына

  2. Дененің ұзындығы мен еніне

  3. Дененің тығыздығы мен массасына

  4. Ешқандай физикалық шамаға тәуелді емес.

Есеп шығару үлгілері: 29-жаттығу

1-есеп

Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.



Шешуі:

Берілгені

ХБЖ

формуласы

шешуі

V=100см3

ρ=1000кг/м3.




=1*10-4м3

FА = ρcVcg.

ҒА=1000*10-4*10=1H

т/к FА -?







Жауабы: ҒА=1H

2-есеп.

3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?

Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы судың тығыздығынан кем.


3 есеп

Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.

Жауабы:

Берілгені

ХБЖ

формуласы

шешуі

m=500г

ρ(т)=7900кг/м3.

ρ(к)=820кг/м3.


=0,5 кг

FА = ρ(к)Vcg.

V=m/p


V=0.5/7900=6,3*10-5м3

ҒА=820*6,3*10-5*10=0,51H



т/к FА -?







Жауабы: ҒА=0,51H

Оқушыларды бағалау.



Үй жұмысы: өткен §55. Архимед күші тақырыбын мазмұндау, 29 -жаттығу 5-9 есеп.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет