Сабақ тақырыбы: Атақты биотехнологтар Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата27.02.2022
өлшемі181,8 Kb.
#133546
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
14-сабақ. Атақты биотехнологтар
7 сынып презентация ашық сабақ

Қазақ тілі 9-сынып


Бөлім:
Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис
Сабақ тақырыбы:
Атақты биотехнологтар

Сабақтың мақсаты:


О 9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
ӘТН 9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану. (мезгіл, шартты, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас)

Бағалау критерийлері:


-мәтіндердің стильдік, құрылымдық ерекшеліктерін салыстыра алу;
-сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырату және
түрлендіріп қолдана білу

«Жадыны жаңғырту» тапсырмасы арқылы
сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасалу жолына қарай ажыратып, сәйкестендірейік:

Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс-әрекеттің болу уақытын көрсетеді, қашан?қашаннан бері?қай кезде?қашанға шейін сұрақтарына жауап береді

қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Алғашқы сыңар басыңқыдағы іс-әрекеттің орындалу-орындалмау шартын көрсетеді.Бағыныңқы сөйлем қайтсе?не етсе?қайтпейінше?қайткенде? сияқты сұрақтарға жауап береді.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас

Бағыныңқы сыңарлары қарсы мағынада айтылып, басыңқыдан бағыныңқыға қайтсе де?қайткенмен? не етсе де? сұрақтары қойылады

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Жауабын тексер:

Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс-әрекеттің болу уақытын көрсетеді, қашан?қашаннан бері?қай кезде?қашанға шейін сұрақтарына жауап береді

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Алғашқы сыңар басыңқыдағы іс-әрекеттің орындалу-орындалмау шартын көрсетеді.Бағыныңқы сөйлем қайтсе?не етсе?қайтпейінше?қайткенде? сияқты сұрақтарға жауап береді.

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыныңқы сыңарлары қарсы мағынада айтылып, басыңқыдан бағыныңқыға қайтсе де?қайткенмен? не етсе де? сұрақтары қойылады

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

2-тапсырма:сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз
Дескриптор:
 

сөйлемдерді түрлендіріп қолданады

А) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз:
-Сыртқы пішіні әдемі және үлкен алмалар сатып алсам, құрамында ГМО(гендік модификацияланған организмдер) бар деп анам аса ұнатпайды.

Ә) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз
Құрамында гендік модификацияланған организмдер бар азық тұтынғанда, адам аллергиялық ауруға ұшырап қалуы мүмкін.
Б) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді мезгіл бағыныңқы құрмалас сабақтас сөйлемге айналдырыңыз:
Жануарлар организмінде лизин жетіспесе, оның денесінің өсуі тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет