Сабақтың барысы
10мин
|
Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 10-15 мин.
Ұйымдасқан түрде мектеп спорт залына кіріп бір қатарға сапқа тұру. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. «Түзеліңдер!»«Тік тұрыңдар!»
«Сәлеметсіздер ме?Еркін тұрыңдар.»
Сыныпты тексеру.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Оңға, солға, кері айнал!
Жалпы денені қыздыру жаттығулары.
Жүру жаттығулары:
1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру
2. Қол желкеде өкшемен жүру
3. Қолда аяғымызға тигізіп жүру
4. Қол алда жартылай отырып жүру
5. Қол белде толық отырып жүру
6. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру
Жүгіру жаттығулары:
1. Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру
2. Қол белде аяқты алға лақтырып жүру
3. Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру
4. Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру
5. Қол белде жанымызбен жүгіру
Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар:
1)Мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
2) Дене (кеуде,арқа,қарын) бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
3) Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
|
Спорт алаңы, ысқырық
|
Сабақтың ортасы
25мин
|
-Жеңіл атлетика сабақтарында қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
-Жеңіл атлетикасының техникалық қауіпсіздігін қайталау.
-Жеңіл атлетика спортының олимпиада чемпиондарына кысқаша мәлімет.
Үй жануарлар жанұясымен топтастыру (тауық,ит, жылқы). Топ жетекшісі анықталып,оған бағалау парақтары тапсырылып түсіндіріледі. Төменгі сөреден қысқа қашықтық 30 м-ге жүгіру техникасын көрсеткішін мультимедиялық тақтадан суреттер көрсету арқылы түсіндірем.Әр топқа сөреде тұру техникасын, сөреден тез жылдамдық алу техникасын, мәреге жеткенде қолданылатын техникасын көрсетуді тапсыру.Оқушылар техниканы көрсетеді
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы
- «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп, бір-бір жарым қадам санап алып, қолды сөре сызығынының үстіне және итеретін аяқты алдыңғы ұшына қойып, итермейтін аяқтың тізесі, итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде болады, салмақ қолға түседі.
«Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам басып, қолды алға-артқа сермеп жүгіреді.
Оқушыларды уақытты есепке алып қысқа қашықтыққа жүгірту.
«Қатені тап» білімді пысықтау ойыны. (10мин) Белгіленген уақытта әр топқа өтілген тақырып бойынша сурет салу тапсырылады, бірақ суретте қате болу керек,келесі топ сол қатені табу керек. Оқушылар сурет салады, сурет бойынша өз ойларын ортаға салып талқылайды
Оқушылар сыныптастарының жұмысын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды
|
Спорт алаңы,
Қазақстандық спортшылардың суреттері
Ысқырық
секундомер
Ысқырық, секундомер, плакат, түрлі түсті маркерлер
«Басбармақ»әдісі
|