3.3.4.1.қозғалыс әрекеттерін орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістердің себептері жайлы пікірлесу
Бағалау критерийлері
Оқушылардың бойында өзіне, құрбысына деген құрмет, жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы Оқушы назарын аудару
15 минут
1. Сапқа тұрғызу
Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру.
- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
- қол желкеде, өкшемен жүру
- отырып жүру
4. Жүгіру.
- баяу жүгіріс
- сол жақ иықтан секіре жүгіру
- оң жақ иықтан секіре жүгіру
- қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс
5. Жалпы дамыту жаттығулары.
Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1 – 2 алға артқа, 3 – 4 оңға солға бұру
Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1 – 2 оңға, 3 – 4 солға
Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1 – 2 жоғары, 3 – 4 төмен
Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.
Сабақтың ортасы
20 минут
(Б, Т, К, Ф) Сынып екі топқа бөлінеді. Алаңда диаметрі 5-6 метр болатын екі шеңбер белгіленеді. Шеңбердің ортасында тұратын бастаушы таңдалынады. Қалған қатысушылар шеңбердің сыртына тұрады. Ойыншылардың міндеті шеңбердің сыртында тұрып бастаушыға тигізу. Ойыншы допты бастаушыға тигізгенде ұпай алады. Оқушылар бастаушыға допты лақтырмас бұрын өзара допты бір-біріне бере алады. Ойыншылар нәтижелерін жақсарту үшін қосымша өздерінің
стратегияларын дайындайды.
Күш сынаспақ Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, конусы, ысқырық, волейбол добы.