Б) Берілген элементтер саны тапсырылады (мысалы,
4, 6, 8). Олардан жаттығу ойластыру қажет. 2 немесе одан артық оқушылар топтары қатыса алады. Тапсырманы топ таңдаған оқушы орындай алады.
Мысалы, акробатика элементтері берілген: алға
аударылып түсу, артқа аударылып түсу, жауырынға
тұру, көпір, бұрыш жасап отыру, жартылай шпагат,
аяқта тепе-теңдік ұстау, 180 градусқа бұрылып секіру.
Қатысушылардың өздері қандай да бір өтулерді қоса отырып, осы негізгі элементтерден жаттығуларкешенін ойластыруы керек.
Командалардан 10м арақашықтықта екі
оқушы тұрады және тік қалыпта еденде құрсау
шеңбер ұстап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша
командалардағы ойыншылар жүгіреді,алға қарай
аударылып түсіп құрсауға секіреді, одан әрі
бағандарды айналып жүгіріп, кері қарай құрсаудан
өтеді де (жүгіріп өтеді), эстафетаны келесі ойнышыға
береді.
|