Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Білім алушылардың сәлемдесіп зейінін шоғырландырып,бірге сабақ мақсаттарын/ОМ/ анықтап алу. Техника қауіпсіздігі. Спорттық киімдеріне назар аудару. Жаңасабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.
Кең алаң
Ысқырық,секундомер
|
Сабақтың ортасы
25мин
|
(С, Т) Барлық ойыншылар екі бірдей командаға бөлінеді. Алаңда секіру үшін сызықпен сөре белгіленеді. Бірінші команданың ойыншысы сызыққа тұрып, орнынан барынша алысқа секіруге тырысады.
Осы команданың келесі ойыншысы қайтадан белгіленген сызыққа тұрады да, орнынан
секіреді. Оның қонуы өкшесі бойымен сызықпен белгіленеді. Команданың барлық ойыншылары осылай секіреді. Содан кейін секіруді сол сөре сызығынан, бірақ сызықтар шатасып кетпеу үшін, сәл тысқары екінші команда ойынға түседі.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
-Бүгінгі сабақ несімен ұнады?Қандай нәрсе сіздерге қиын болды?
|
Достарыңызбен бөлісу: |