Күні: 8,9.10.2015
Сыныбы: 5 «а», «ә»
Сабақ тақырыбы: «Аяз би» ертегісіндегі Жаман бейнесі «Аяз би» ертегісін қорытындылау
Сабақ мақсаты:
Білімділік:Мәтін мазмұнынан кейіпкер бейнесін ашу.
Тәрбиелілік:Ақылдылыққа, жақсы мен жаманды айыра білуді.
Дамытушылық: Жоспар арқылы сұрақ,жауап арқылы баяндау дұрыс,оның баянд. жаттықтыру.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап баяндау
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақ көрнектілігі: жоспар,венн диаграмма,мақал-мәтел плакат
Сабақ байланысы: қазақ тілі,тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі:
|
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
|
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгелдеу;
3. Оқушы зейінін сабаққа аудару;
|
«Аяз би» ертегісі бойынша түсінгендерін сұрап, сұрақтар қою арқылы бағаланады.
|
ІІІ.Жаңа сабақ
«Аяз би» ертегісіндегі Жаман бейнесі
Адамның ең жаманы болған адам ертегінің басты кейіпкері – Жаман ертегіде Аяз би атануы оның даналығында
Ертегінің бас кейіпкері жаман адам ба? Ол хан болуға лайық па?
Оған «Аяз би» деп ат қоюда қандай мән бар?
Тарихи аңыздарға қарағанда,Аяз би Арал теңізі жағасында өмір сүрген.Оның тарихи адам екендігі Арал теңізіне 200 шақырым жерде табылған «Аяз» қаласының орны да дәлелдейді.Аңыз бойынша Аяз әуелі ханға уәзір,кейін өзі хан болыпты деседі. Аяз биге қатысты аңызда аталатын «Барсакелмес» деген жер Арал теңізінде орналасқан.
«Барсакелмес» туралы сынып оқушыларынан үй тапсырмасын сұрау.Ендігі біздің үйге берген тапсырмамыз жаманға мінездеме.Ертегіге жоспар құрылған болатын.Ал енді ертегіні қорытындылау сабағы. Мен алдымен сендерге мынадай сұрақтар қоямын.Сол сұраққа жауап берген оқушы ортаға шығып берілген сұрақтарға жауап береді.
«Топтастыру» стратегиясы
«Көкпар» ойыны
№
|
Сұрақ
|
Жауап
|
1
|
«Аяз би» ертегісінде Жаманға Меңді сұлу қандай заттар береді
|
гауһар тас,пышақ тәрелке,қайрақ
|
2
|
Меңді сұлу берген заттарды Жаман не істеді?
|
қайрақты төске қойып,балғамен бөледі,тәрелкені катып,пышақты жетегінен сындырады,гауһар тасты қақ жарады
|
3
|
Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді алады?
|
өзі тіккен,арасынан жүрсе киім жыртады,мал жемейді,шөп жаманы осы дейді
|
4
|
Уәзірлер не үшін жаманды адамның жаманы деп шешті?
|
үстіндегі жыртық тоны мен басындағы тері тымағына,ұсқынсыздығына қарап
|
5
|
Хан уәзірлерімен келісіп,жаманның әйелін алу үшін Жаманды қайда жұмсайды
|
Барсакелмес
|
6
|
Уәзірлер неліктен құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?
|
Үстінде жүні жоқ,уысқыны құстың жаманы осы деп қырғауылды атайды
|
7
|
Хан Жаманды қайда көшіріп жібереді?
|
Ақша ханның еліне
|
8
|
Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді?
|
қарақоға отқа жақсам,жанбайды үрлесем
|
9
|
Жаманды шақыруға хан бір жігітті жібереді. Жіберген жігіті барып,үйден сығалап қараса төрде төсекте Жаман отыр,ал әйелі осы уақытта не істеп отыр?
|
әйелі айнаға қарап,өз көркіне таңғалып отыр
|
10
|
Барсакелместегі інжілі қой ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты
|
Бір түгі — алтын,бір түгі – күміс,сойса терісі адамға тон.Соның терісінен үстіне кигіс келеді,-дейді
|
11
|
Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қайдан білді?
|
Тұлпардың судан әрі-бері өткенде аузын суға малып,артқы аяғын сілкіп өтті.Сиырдың күніне қырық суарсаң да суға аузын малмай отыр
|
12
|
Ертегідегі інжілі үйрек қалай суреттеледі?
Хан не үшін қызықты?
|
қанаты күміс басқа жері алтын соны тәж қылып кигім келеді
|
13
|
Жаман гауһар тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білді?
|
тастың өз қасиетіндей салмағы болу керек.Тас жеңіл екен құрт бар екенін содан білдім
|
14
|
Барсакелместегі дәудің інжірі қара арғымағы ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
|
дәудің інжіілі қара арғымағы бар,бір шапқанда жүз шақырым шабады дейді соны білгім келеді
|
15
|
Жаман ханның наубайдың баласы екенін қайдан білді?
|
хандардың ішер асы жал-жая аузыңыз түспей ,нан,көже түсіп мені аспазға жібердіңіз
|
16
|
Е,шырағым,жасым сексенге келгеде біреудің қанын жүктеп не қылайын.Бір сыр бар еді,оны тәуірінің өзі ғана білетін еді.Мен білетін едім . Осы сөз кімнің сөзі?(
|
ханның анасының сөзі
|
17
|
Ертегідегі жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда келген адам қалай бейнеленген?
|
ақбоз атты,ақ киімде,бетіне жатқан кісі
|
18
|
Ханның әкесінің аты
|
Зәрлі хан
|
19
|
Жаман неліктен ханға шынын айтпаған еді?
|
қайрақтай болып,тәрелкедей болып уатылғанша,пышақтай болып кесілгенше ,сыр айтпаймын
|
20
|
Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып,дардың жібін қиып,көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені?
|
мен үшін кінәсіз өлме,ерлігіңді көрдім,қылыш үстінде серт жүрмейді деугіш еді,антыңды қайтып ал
|
21
|
Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары мен Хан балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланады?
|
Менің үйде пышағым жоқ па,болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па,я тіпті қайрақ теге алмай жүрмін бе
|
22
|
Хан шаңыраққа қарап,ойланып жатып 40 уәзіріне қандай жұмбақ жасырды?
|
Жау шапты,ел бүлінді,апат соқты
|
23
|
Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді?
|
Уәзірлер шығарып салған соң,бір аш арыстан соңымнан қалмады.Мына жауды мұңатайын деп қылышымды суырып алып кетті,сіздің ордаға кірдім
|
24
|
Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына не шегелеп қойды?
|
жыртық тоны мен Жаман тымағы
|
25
|
|
|
IV.Оқулықпен жұмыс
Мәтіндегі мақал-мәтелдерді теріп жазу
1.Адам тілі тас жарады
Тас жармаса бас жарар
2.Сөз тапқанға қолқа жоқ
3.Қылыш үстінде серт жүрмейді
4.Аға – өлсе,іні мұра
5.Біреуге ор қазба ,өзің түсерсің
6.Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.
«Біреуге ор қазба,өзің түсесің» мақал-мәтелдің мағынасы қандай? Соны уәзірлердің қылықтарынан мысал келтіре отырып ойтолғау жаз.
VІ.Үйге тапсырма:
« Ертегідегі алған әсерім» тақырыбына ойтолғау жаз
Достарыңызбен бөлісу: |