Киіз басу
Киіз басуға қойдың күзде қырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Сонда жүн шаң-тозаңнан, шөп-шаламнан арылады және ұйысы жазылады. Тулақ дегеніміз — сиырдың иленбеген, керіп кептірген қатты терісі. Ал сабауды бұтақсыз түзу талдан, жыңғылдан, тобылғыдан жасаған. Жүн сабау, әдетте, ойын-сауықпен өтеді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады.
Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады.
Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілуі үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.
Ою-өрнек.Қайсыбір қолөнер шеберін алсақта олар өздерінің жасаған бұымдарын түрлі ою-өрнектерімен әшекейлейді.
Ою-өрнек өнері ежелден халықтық өнердің бір түрі.Оның шыгу тарихы тереңде.Ал сюжеттік мазмұны алып,ұлттық бұымдардың жасалу ерекшеліктерімен танысады.
Қайсыбір қолөнер шеберін алсақта олар өздерінің жасаған бұйымдарын түрлі ою-өрнектермен әшекейлейді.
Ою-өрнек өнері ежелден халықтық өнердің бір түрі.Оның шығу тарихы теренде.Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің тыныс- тіршілігіне,тұрмыс салтына орай өзгеріп,дамып,жетіліп отырған.Өнердің де басқа түрлері секілді,ою-өрнектің де балалардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол.Ою-өрнектердің ішінде аспан әлеміне,өсімдікке,жер-су атауларына геометриялық кескінденге қатысты қару-жарақ іспеттес кездеседі.Ою-өрнектер әртүрлі мәнге ие.Сондай-ақ қол өнер бұйымдарында түрлі түстер ерекше орын алады.Қазақтың қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен идея болмыс пен щындықты көрсеттуде өзіндік шешім табады.
Ақ түс – шындық,пәктіктің нышаны болса,жасыл түс – көктемнің нышанын білдіреді. Қолөнер шеберлері түстерді ерекше үйлестіре білген жөн.
Қазақ өз дүниетанымын,салты мен дәстүрлі,ғұмырлық тарихын өнерге бағыштаған.Қазақтын ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп.
Ғылымдар әзірше 200-дей түрін ғана анықтады.Солардың халық арасында көп тараған түрі-мүйіз тектес ою-өрнегі.Ою-өрнектің бұл тобын,қазақ буындар осының негізінде жасалып,тек атаулары өзгеріп отырады.Мысалы;қошқар,арқар мүйіз,өркеш мүйіз,төртқұлақ,түйе табан,сыңар өкше қос алқа,құс қанаты,қаз табан т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы.Осы әлементтерден ою-өрнек композициясы жасалады.Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер- су,көшіп-қону көріністерін.
Күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардаң сыртқы бейнесін анғартады және бәрінде де мүйіз оюы араласып отырады.Әрбір оюшы ою-өрнек жасап,оған ат беріп,оны тұрмыста қолданған.Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері,ең көп түрі және әр түрі мәнер жасауда жиі қолданылатын «мүйіз» тектес ою-өрнектер.
Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне,өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған.Мысалы;халқымыздын көне бұымдардың әрбір жануар мен заттың өз бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы,композициясы,симметриясы мен ассиметриясы,колориты мен ритмы,сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады.Композиция дегеніміз латтының ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі.Өрнек үшін симметрия да маңызы зор.Оның екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы.Симметрия кез келген өрнекті болады.Ою- өрнекте бір элементтің қайталанып отыруын ритм-ырғақ дейді.Үй жиһаздарының бірі - сырмақ, ата –бабамыздың дәстүрлі төсеніші болған.Сонымен бірге ол- халқымыздың бай қолөнерінің қайталанбас туындысы,тұрмысымызға көрік берер сәнді бұйымдарының бірі. Әдемі өрнектеп оюланған сырмақ көркемдігі жағынан кілемнен кем түспейді. Еденге төсеуге , әрі шаңын қағуға ыңғайлы болу үшін оның көлемі текеметке қарағанда кішілеу.
Қазақ сырмақтары көлем жағынан 4 түрлі болады.
Сырмақтың ең үлкені –көш сырмақ .Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің немесе арбаның үстіне жабуға арнайды.
Екінші –төсеніш сырмақ .Киіз үйдің төріне арналған.
Үшіншісі –оталды сырмақ .Бұл сырмақты сыйлы қонақтар келгенде жалпы төсеніштің үстінен көрпешенің астына жаяды.
Төртіншісі – тесек сырмақ.
Түрі жағынан алғанда ұлттық сырмақтардың жалпы атауы 4 түрі .
Оларды ақ сырмақ , дебіске сырмақ деп аталады.
Ою өрнек өнері қазақ халқында ертеден –ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып келеді.Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою –өрнек қайта түлеп ,бай мазмұнға жаңа түрге ие бола түсуде . Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап - ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.
Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою - өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Жүн және одан жасалатын заттар
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал - құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Зергерлік бұйымдар
Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын - күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден - ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын - күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған.
Шолпы — әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте коп. Шолпыны сән - әшекей ретінде, сондай - ақ оның салмағының әсерінен шаш ұзын болып оседі деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те санаған. Қазақ салтында шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдерге ерсі болса керек. Ал білезік - сақиналарды қарт әйелдер де сала береді. Шолпылардың жалпыға бірдей ел арасына көп тараған түрлерінің мынадай аттары бар: қоңыраулы шолпы, қозалы шолпы, қос үзбелі шолпы, көзді шолпы, көп үзбелі шолпы, сағат баулы шолпы, маржанды шолпы, шаш, теңге т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |