Ағаш ұсталығы.Сандық
Қазақ тұрмысында ертеден-ақ ағаш ұсталығы жақсы дамыған. Ағаш ұсталары киіз үйдің сүйегін, арба, қайқыбас төсек, кебеже, жүкаяқ, сандық, үстел жасаған. Ер қосатын ершілер де ағаш ұстасы болып саналады. Сонымен қатар ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті астау, ағаш табақ, тегене, ожау, ағаш шелек, көнек, піспек, күбі, саптыаяқ, т.б. заттар жасаған.
Ағаш ұсталығына пайдаланылатын негізгі құралдар: балта, шот, балға, қашау, үскі, бұрғы.Қазақ ағаш өнерінің ең бір кең тараған түрі — ершілік өнері. Ерге қайың, үйеңкі, қара мойыл сияқты мықты ағаштарды таңдаған. Бұл ағаштардың түбірі (томары) қатты болады. Ерге арналып қиылған ағаш мұқият кептіріледі. Қазақ ері, әдетте, бес бөліктен тұрады алдыңғы қасы, артқы қасы, екі қаптал ағаштары және белдік ағашы (бел ағаш)
Бұл бұйымдар аталған кезде мынадай өлең жолдары ойыңа оралады.
Қолөнер құрақ құрау, ою - өрнек,
Атты баптап, ер тұрман, қамшы өрмек,
Салт - дәстүрі ешкімге ұқсамаған,
Қазақта ғой байлаған жіпті күрмеп.
Қазақта қолөнердің кереметі,
Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті.
Қандай шебер, қазақ қыздары, айтыңдаршы,
Құрақты, оюлауды дөңгелетті.
Бүгін біз сол ұлттық қолөнер бұйымдарының бірегейімен танысамыз.
Киіз үй
Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен - кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкендері болған. Киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан - сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, жаба салма, көтерме туырлықты, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған.
Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |