Темір ұсталығы
Қазақ ұсталары темірді, қалайыны, қорғасынды, алтынды, күмісті балқытуды білді, қалайы мен жезден, алтын мен күмістен қоспа жасай алды. Металл қасиеттерін жақсы білген қазақ ұсталары олардан құю, соғу, таптау, қақтау жолымен, басып өрнек түсіру, зер салу, қаралау, безендіру (гравировка) арқылы түрлі қару-жарақ, құрал-сайман, әшекей заттар жасады.
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОЛӨНЕРІ:
Бисер өнері Бисердің шығу тарихына тоқталсақ бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ сопақша, әр түрлі – хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды екенбіз. Стеклярустың бисерден айырмашылығы – оның ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес болып келеді. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының жәнеәшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.
Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |