«Танысу» тренингі. Ендеше, сіздер кез келген ортада өздеріңізді қалай таныстырар едіңіз? Әркім өз фантазиясына қарай таныстырады.
(Оқушылар келген қонақтарға өздерін үш тілде таныстырды).
Топқа бөліну
Оқушылар қима қағаздарды таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
І топ
Қазақстан ЭКСПО-2017
ІІ топ
Әлем
(Бағалау парақшаларын тарату)
Балалар, ЭКСПО атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, «экспонат» деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО-ның кезекті таңдаған тақырыбына орай адамдардың бұрынғы және соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |