«Блум түймедағы» әдісі
1. Жай сұрақ: Жайық пен Жем аралығындағы өлкеде ерте заманнан бері қандай кен орны бар екені белгілі болған? (мұнай)
2. Анықтау сұрақ: Алғаш рет қай жылы, қай жерде мұнай бұрқағы атылды? (1889 ж, Атырау облысы)
3. Интерпретациялық сұрақ: Көшпелі қазақтар мұнай өнімінің емге пайдалы екендігін қалай аңғарды? (түйенің қотырымен ауырғанда)
4. Бағалау сұрақ: Шартта 30 млрд доллар қаржы жұмсалып, 97 млрд доллар пайда табатындығы айтылған. Осы жұмсалған қаржының пайдасы тиімді болды ма? Сіз қалай ойлайсыз?
5. Тәжірибелік сұрақ: ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы ретінде шетелдік қонақтарға өлкеміздегі мұнайдан өндірілетін өнімдер туралы түсінік беру керек. Сіз қалай орындар едіңіз?
6. Шығармашылық сұрақ: Егер сіз мұнай компаниясының басшысы болсаңыз, мұнайдан түскен қаржыны қайда жұмсар едіңіз?
ЭКСПО-ға дайындықтарың ұнады. Алдарыңыздағы кәде сыйларыңызды мына көрмеге ұсынуға болады.
2. Тұсаукесер
|
ІІ. Тың ұсыныс, жаңа жобалар
(Жаңа сабақ)
Балалар, «ЭКСПО-2017» көрмесі өнертапқыштар әлемге Қазақстанды таныту үшін түрлі ұсыныстар, жобалар ұсынылуда. Мысалы, газбен жүретін такси қызметін көрсету әрі арзан, әрі экономикалық жағынан тиімді. Күн энергиясы арқылы электр энергиясын алу және т.б.
- Ал, балалар, сендер де өз ойларыңды, ұсыныстарыңды айтыңдар.
Ол үшін мына бейнебаянға назар аударамыз.
«Қазақстан – әлем және Еуразия картасында»
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/14546-qazaqstan_alem_zhane_euraziya_kartasynda
Түртіп алу стратегиясы
Өткен тарихымыздан аздаған түсінік.
XV ғасырда Қазақ хандығы құрылды.
Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көп болды. Елімізге жоңғар қалмақ шапқыншылығы шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды.
Еркіндік пен тәуелсіздіктен айырылған ел Патша үкіметіне қосылды. Ұлан-ғайыр даламыз империя меншігіне айналды.
Бостандыққа қол жеткіземіз деп өз жерімізде өзіміз қуғынға ұшырадық. 1923-1933 жылдары болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2 миллионы опат болды. 1 млн 578 мың халық Атамекенін тастап кете барды.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы. Қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.
1986 жылы желтоқсан оқиғасы болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намысын әлемге паш етті.
«Орнында бар оңалар» демекші ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады.
Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан әлем картасында».
|
3. Негізгі бөлім
|
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Жұпта, топта талқылайды.
«Үш қадамды сұхбат»
«Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы оқушылар "Қазақстан әлем картасында" мәтінін түсініп оқиды (2 мин). Оқып болған соң, әр топтан тілші, ғалым, хатшы шығады. Тілші мәтінге қатысты сұрақтар қояды. Ғалым жауап береді. Хатшы жазып шығып, соңыңда қорытындылайды.
ІІІ.Жобаларды жүзеге асыру, талдау
Қ «Қалам үстел ортасында» әдісі
(Оқушылар тапсырманы орындап болған соң қаламдарын партаның ортасына қояды екі топтан екі оқушыдан шығып, өздеріне ұнаған қаламдарын алады. Сол қалам иесінің орындаған тапсырмасы оқылады).
Оқушылар берілген сөйлемдерден сөз тіркестерін теріп жазып, н байланысу тәсілі мен түрлеріне қарай талдайды.
І топ
Қазақстан жер көлемі бойынша ...
Қазақстанның климаты айтарлықтай ...
ІІ топ
Еліміздің ең басты байлығы – ...
Табиғи ресурстарды тиімді ...
ІV. Халқымыздың құндылықтарын әлемге таныту құрметі
Топтық жұмыс
(Оқулықтағы 4-тапсырма негізінде)
Оқушыларға төмендегі бөлімдер бойынша тапсырма беріледі. Оқушылар Imektep.kz сайтындағы төмендегі тақырыптар бойынша берілген бейнебаянды қарайды.
Қазақстан мәдениеті мен өнері, салт-дәстүрі
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/15576-birzhan_men_sara_ajtysynyng_taqyryby_men_ideyasy_ajtystyng_korkemdik_ereksheligi
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/14688-qazaqstan_xalqy; http://bilimland.kz/kk#lesson=14688 ;
Оқушылар бейнебаянды қарап болған соң, тапсырма орындайды.
Менталды карта әдісі:
І-топ
Қолөнер
Айтыс
Қазақстан
Ұлттық киімдер
ІІ-топ
Демография
Қазақстан
Халық саны
Халықтың ұлттық құрамы
|
4.Қорытынды
|
«Алты ойшыл қалпақ» әдісі
• Ақ (ақ бұлттар) – фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру.
• Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.
• Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”.
• Сары (күн) – оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!».
• Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
|
|