Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет Жоспары


Қазақстан Республикасы Президентін сайлау



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі131,88 Kb.
#83664
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
723 9199 24732
723 9199 24732, Пппка, ұлттық киім қмж, Инклюзив-1, 10 апта семинар соц, алгебра
3. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау. Президентті сайлау 28 қыркүйек 1995 жылғы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен кесімделеді. Ол жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде ҚР-ның кәмелетке толған азаматтарымен жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Бір тұлға екі мәртеден артық Президенттікке сайлана алмайды.
Қазақстан Республикасы Президенті кандидатураға келесі талаптар қойылады: тумысынан республика азаматы, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұрған Республика азаматы сайлана алады. Осы кандидаттың Президенттікке сәйкестілігі Орталық сайлау комиссиясымен кандидаттың өтініш берген күнінен бастап бес күн ішінде анықталады.
Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жетісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
Президенттікке кандидаттарды ұсыну республикалық қоғамдық бірлестіктерге, сонымен қатар азаматтарға — өзін-өзі ұсуну жолымен құқық беріледі. Президенттікке кандидаттарды ұсыну сайлауға дейін үш ай қалғанда басталып, екі ай қалғанда аяқталады. Президенттікке кандидаттыққа өзін-өзі ұсыну Орталық сайлау комиссиясына өтініш жазумен жүзеге асырылады.
Президенттікке кандидат өзін қолдайтын сайлаушылардың Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының және астанасының кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бірден кем болмайтын пайыздық қолын жинауы тиіс. Сонымен қатар Президенттікке кандидат Орталық сайлау комиссиясының есеп шотына заңмен белгіленген ең төменгі жалақысының жүз есе мөлшеріндегі ақшалай жарна төлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде дауыс санау үшін мажоритарлық жүйе (абсолютті көпшілік) қолданылады. Кандидат Президент ретінде сайланған болып есептеледі, егер:

  • дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысына ие болса;

  • қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігіне ие болса.

Қазақстан Республикасының сайланған Президенті міндетті түрде Орталық сайлау комиссиясымен тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет