Сабақ тақырыбы Қазақстандағы ислам мәдениеті. Қазақстандағы исламдық сәулет өнері. Ислам жазба мәдениетінің ескерткіштері



Дата16.03.2022
өлшемі47,21 Kb.
#136028
түріСабақ
Байланысты:
26.02.2022ж.Дінтану
лек. Сабақ маз құндылықтарды кіріктіру, лек. Сабақ маз құндылықтарды кіріктіру, БООЖ10 (копия), Азимова Гульзара

Пәннің аты:

Зайырлылық және дінтану негіздері

Сыныбы: 9Б,9В

Уақыты:

26.02.2022ж

Пән мұғалімі

Сулейменова Ш.Д.

Сабақ тақырыбы

Қазақстандағы ислам мәдениеті. Қазақстандағы исламдық сәулет өнері. Ислам жазба мәдениетінің ескерткіштері.

Мақсаты

Қазақстандағы ислам мәдениеті, исламдық сәулет өнері, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері мен жазба мәдениетінің ескерткіштері туралы таныстыру.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.

Сабақтың басы

I.Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен материалды еске түсіру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Сабақтың ортасы

Қазақстандағы исламдық сәулет өнері. Ислам жазба мәдениетінің ескерткіштері.
https://ikaz.info/aza-standa-y-islam-m-denieti/
https://kznews.kz/bilim/qazaqstandagy-islam-madenieti-turaly-qazaqsha/
https://www.youtube.com/watch?v=9CD1rFr8E5M
Қосымша ресурстармен танысу.
Топтық жұмыс.
1-топтың тапсырмасы:
____ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдаланылған. (Х)
Құйрықтөбе қаласын қазған кезде ертедегі ____орны табылды. (мешіт)
Айша бибі ел аузында сақталған аңыз бойынша шамамен _____ ғасырлар аралығында өмір сүрген ару қыз.(ХІ-ХІІ)
2-топтың тапсырмасы:
Қызылөзен қаласының орнын қазғанда______ бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылған.(арыстан)
_____ діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидың ұстазы болған.(Арыстан баб)
Отырардың екінші моншасы қаланың оңтүстік рабад аумағында, қалаға кіре-беріс қақпадан _____ метр жерде орналасқан. (200)
3-топтың тапсырмасы:
Бабаджа-қатын кесенесі ____ ғасырларда салынған(Х-ХІ)
Шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында _______ жылдарына дейін жұмыс істеген. (ХХ ғ 60)
Кейбір күмбездердің әшекейленіп жасалуы немесе түскиіздер мен текемекеттегі ____ қолданбалы өнердің дамығандығын көрсетті.(оюлар)
Сәйкестендіру (Берілген сөздерді сәйкестендіру тапсырылады.)

1. Бабаджа қатын кесенесі а) Түркістан


2. Қажа Ахмет Йассауи в) Тараз
3. Арыстан баб с) Шығыс моншасы

4. Айша бибі д) Шымкент қаласы (Ежелгі


Отырар қаласы)

5. Түркістан е) Қарахан


Дұрыс жауаптар: 1-В, 2-А, 3-Д, 4-Е, 5-С
Терминдермен жұмыс (берілген терминдердің мағынасын ашу тапсырылады)
Ғаныш- (қолданбалы өнердің құрылыс материалы)
Терракота-(ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын қолданылатын шағын көзе кірпіш)
Мешіт-(мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатыцн қасиетті ғимарат)
Кесене- (діни құрылыс, белгілі бір адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған)
Пантеон-(елдін аса көрнекті адамдарының қабыры, ұлы адамдардың бір жерде жерленген орындары)
Тарихи дерекпен жұмыс (Берілген тарихи деректің дұрыс жауабын табу)
1 – топтың тапсырмасы:
Бұл қала орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең дамыған қалалардың бірі. Ол жерде Арыстан бабтың кесенесі орналасқан. Монғол шапқыншылығы кезінде әлемге әйгілі Ұлы кітапхана қиратылған қала қалай аталады? (Отырар қаласы)
2 – топтың тапсырмасы:
XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнеріндегі ерекше туынды. Ғимарат 1396 – 1404 жылдары шебер Қожа Хасан Ширази басшылығы бойынша Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Орталық залдың төңірегінде әр түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме бар. Бұл қай кесене? ( Қожа Ахмет Йасауи кесенесі)
3 – топтың тапсырмасы:
Құрылысқа түгелдей қашап өрнек салынған, өсімдік пішіндегі және геометриялық оюлармен өрнектелген терракоталық тақташалармен қапталған. 1893 жылы кесенені бірінші болып, ресейлік шығыстанушы В.В.Бартольд зерттеген. Әңгіме қай кесене туралы айтылып отыр? (Айша бибі кесенесі)



Сабақтың соңы

Картамен жұмыс (картадан сәулет ескерткіштерін көрсету керек)
1.Айша бибі кесені қай қалада оналасқан, картадан көрсет? (Тараз қаласында)
2.Шығыс моншасы қай жерде орналасқан? (Отырар қаласы)
3.Бабаджа-қатын кесенесі қай жерде орналасқан?(Тараз қаласында)
4.Ахмет Йасауи кесені қай қалада оналасқан, картадан көрсет? (Түркістан қаласында)
5.Арасан моншасы қай қалада орналасқан? (Алматы қаласында)
Қорытынды.
1)Екі жұлдыз бір тілек арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысына баға береді.
2) Геометриялық фигуралар арқылы бағалау




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет