Байланысты: Жаратылыстану 6 класс Заттар мен материалдар. Заттардың түзілуі және алынуы Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтары Қысқа мерзімді жоспар (1)
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Командалар сайысы «Кім көп біледі?»
Оқушылар екі командаға бөлінеді. Олар өткен тақырыптар бойынша сұрақтармен картаны алады. Монетаның көмегімен командалардың капитаны бастайтын команданы сайлайды. Жеңіске жеткен капитан командаға алдымен сұрақ қоюға мүмкіндік береді, сол себепті қарсыластарға жауап беру қиынға соғуы үшін ең қиын сұрақты таңдау керек. Допты сұрақ қойылған қатысушыға жіберу қажет, егер соңғы жауап берсе, онда ол сұрақ қоюға мүмкіндігі бар, егер жоқ болса, онда доп бастапқы командаға қайта оралады.
2. Сабақтың мақсаты мен міндетіне шығу:
Соңғы сабақта Қазақстанның табиғи ресурстарын және олардың кен орындарын, сондай-ақ күнделікті өмірде қолдануды талқыладық.
Ел экономикасы үшін біз өз ресурстарымызды сатуымыз немесе дайын өнім алу үшін өз елімізде өңдеу керек пе?
(Табиғи ресурстарды дайын өнім алу үшін өз елімізде өңдеу маңызды)
Слайд №1-4
Қосымша №1 (10 сұрақ жауаптарымен берілген)
Сабақтың ортасы
16-21
22-27
28-37
3. Бүгінгі сабақта Қазақстанның табиғи ресурстарын өңдеудің ірі орталықтарымен танысамыз.
«Газ өндірісі» бейнеролигін қарап, төмендегі сұрақтарға жауап бер.
Қазақстандағы газ өнеркәсібінің даму тарихы қандай?
Қазақстандағы табиғи газды өңдеу орталықтарын ата
Газ ресурстарының болашағы қандай?
«Мұнай» бейнеролигін қарап, Қазақстандағы ірі мұнай кен орындарын контур картаға бейнеле.
(Жауап: Қарашығанақ, Бозашы, Теңіз, Қашаған, Жетібай, Жаңа жол, Қаламқас, Кең қияқ, Қаражамбас және т.б. )
Дескрипторлар: Оқушылар:
Картада ірі мұнай кен орындарын дұрыс көрсетеді
Картада газ өнеркәсібі шоғырланған орталықтарды дұрыс көрсетеді