6-тапсырма:Нұсқаулық: «Суреттер сөйлейді» әдісі. Суреттерге сүйеніп,жауаптар жаз. 1 топ: М.Әуезов 2 топ:Дана Абай
3 топ: Бала Абай 4 топ:Абайдың әжесі.
Дескриптор:*сурет бойынша жауап жазады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
Ағашқа Дана Абай ,Бала Абай туралы мәлімет жазу.
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі Балалар : Абайды біз сүйеміз Абайға бас иеміз! Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.
Саралау -Оқушыларға қосымша көмек көрсету үшін сабақтағы жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшелігіне сай жоспарладым. -Сыныптағы қабілеті жоғары оқушыларға саралау тапсырманы күрделендіру үшін сурет мазмұнына диалог құрап айту тапсырмаларын беруді жоспарладым.
Бағалау Барлық оқушылардың үйренгенін тексеруді бағалауда барлық тапсырмалардан кейін ауызша кері байланыс алынып, «Бармақпен», «Алақанмен», «Шапалақпен», тәсілдері, жеке дәптермен жұмыс барысында және қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындауда аралап тексеріп «Смайликпен» бағалау тәсілдері қолданылды.