І. Кіріспе бөлім
- Сыныпты сапқа тұрғызу.
- Кезекші мәліметін тыңдау.
- Сабақ тақырыбын хабарлау.
- Сәлемдесу.
Сап жаттығулары:
Оңға, солға, артқа бұрылу.
Жалпы қыздырыну және дамыту жаттығулары.
- Қолды белден ұстап аяқтың ұшымен жүру.
- Қолды желкеге қойып өкшемен жүру.
-Қолды белден ұстап аяқтың ішкі қырымен
жүру.
-Қолды белден ұстап аяқтың сыртқы
қырымен жүру.
-Спорттық жүріспен жүру.
Жүгіру.
- Бірқалыпты жүгіру.
- Тізені жоғары көтере жүгіру.
- Қолды екі қапталға төмен соза ұстап
өкшені тигізе тигізе жүгіру.
- Қолды қосып артынан соза ұстап өкшені
тигізе жүгіру.
- Оң,сол қапталымызбен қолды қапталға
созып алға,артқа айналдыра жүгіру.
- Тез жүгіру.
- Бұрылып кері қарай жүгіру.
- Бұрылып алға қарай жүгіру.
Дем алу жаттығуларын орындау.
Жүріп жасайтын жаттығулар.
- Қолды иыққа қойып алға-артқа айналдыра жүру.
- Қолды кеуде тұсына бүге ұстап екі рет артқа
серпу,екі рет қолды соза серпу.
- Жартылай отырып жүру.
- Толық отырып жүру
Тұрып жасайтын жаттығулар.
- Үш қатармен тұру.
- Б.Ж.-Н.Т. 1. қолды қапталға созу.
2. қолды жоғары созу.
3. қолды қапталға созу.
4. Б. Ж.
-Б.Ж.-Н.Т. 1.қолды жоғары көтере артқа шалқаю.
2.алға еңкейіп қолды аяқ ұшына тигізу.
3.қолды алға соза отыру.
4.Б.Ж.
-Б.Ж. қолды белден ұстап аяқты иық деңгейіне қою.
1.белді оң,сол қапталға айналдыру.
2.қолды тізеден ұстап аяқты ішке қарай,сыртқа
қарай айналдыру.
3.қолды қосып ұстап жоғары көтеріп денемен
айналу.
Секірулер .
Екі аяқпен секіру.
Алға-артқа секіру.
Екі қапталға секіру.
Белді бұрай секіру.
Аяқты айқастыра секіру.
Аяқты алға-артқа қойып секіру.
- Отырып тұру. 20 рет.
Дем алу жаттығуларын орындау.
Сабақтың негізгі бөліміне көшу.
І І. Негізгі бөлім .
-Сынып санына қарай 2 немесе 3 топқа бөлінеді.
Жаяу аударыспақ ойыны.(ұлдар)
Әр топтан шыққан бір ойыншы өз тобының бір баласын арқалай шығады да келесі топтан шыққан ойыншымен сайысқа түседі.
1.Арқалаған ойыншы-аттың міндетін атқарады.
2.Арқадағы ойыншы-көкпаршы міндетін атқарады.
Ойын шарты: Берілген белгіден кейін көкпаршылар ұстасып қарсыласын жығуы немесе тізе бүктіруі керек.
Ұтылу - көкпаршыны түсіріп алса.
- ат құласа.
Мақсаты: оқушыларды ептілікке, күштілікке, шалттыққа, тез шешім қабылдауға, әдіс,қимыл- әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Нәтижесі: оқушылар өз шамалары мен жіберген қателерін түзетуді үйренеді
Арынды арқан ойыны.(қыздар)
Балалар шеңбер бойымен дөңгелене тұрады,ойын бастаушы ортаға шығып қолындағы арқанды немесе жіпті әуелі қысқа сосын бірте-бірте ұзартып шеңбер бойымен айналдырады.Ойыншы айналған арқан өзінің тұсына келгенде секіріп арқанды өткізіп жіберуі керек.
1.Ұтқан және ұтылған бала есепке алынады.
2. Ойын ұзақтығы балалардың қалауы бойынша ойналады.
Мақсаты: оқушылардың тез іс-қимыл әрекет жасауына,дер кезінде аңғаруына,дәлдікке үйренуіне қол жеткізу.
Нәтижесі: оқушылар шалттықты, тез қимылды, дәлдікті үйренеді.
Тымақ ұру ойыны .
Ойын алдын-ала дайындалған ілгіш темір немесе ағаштан 6-7 метр жерге барып әр топтың сап құруынан басталады. Ойыншы дайындалған темір немесе ағаш ілгішке ілінген белгілі бір затты көзі байланған қалпында барып қолындағы таяқшамен ұрып немесе қағып түсіруі керек.Ойын шарты бойынша әріптесіне айтуға болмайды және қолындағы таяқшаны алға соза ұстап белгіленген межеге келгеннен кейін таяқшаны жан-жағына қозғап ілгішті іздеуге болмай-ды.
Ойын басталмай тұрып таяқша мен ілгіш ағаш аралығын есептеп бағыт-бағдар алуға уақыт бөлінеді.
Көзді байлар алдында бағыт-бағдар алуға рұхсат етіледі. Қай топ көп ұпай жинаса жеңімпаз болып есептеледі.
Мақсаты: Балалардың қараңғыда бағыт-бағдар алуына,дәл қиыл жасауына қол жеткізу.
Нәтижесі: Балалар қараңғыда қалай бағыт-бағар алуға болатындығы туралы ой түйіндеді.
Ұшты - ұшты ойыны.
Балалар жартылай шеңбер жасап тұрады.
Бастаушы құстар мен кез келген ұшпайтын заттарды араластыра айтып қолын көтеріп балаларды алжастыруға тырысады.Ұшпайтын заттарға қол көтеруге болмайды.
Ойын шарты:1.Тез шешім қабылдап құстарға қолын көтеруі керек.
2.Ұшпайтын заттарға қолын көтерсе «ұтылған» болып есептеледі.
Мақсаты: Балалардың тез ойлауына,кез келген іс- әрекетке дайын тұруына тәрбиелеу.
Нәтижесі: Балалар аңғарымпаздықты,тез ойлауды, шалттықты үйренеді.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
-Сапқа тұру.
-Қалыпқа түсу жаттығулары.
-Бағалау жұмыстарын жүргізу.
-Үйге тапсырмалар беру.
-Сабақты қорытындылау.(ойналған ойындар туралы қысқаша түсінік беру).
|