Сабақ тақырыбы Қазыналы қарттың тәлімі



бет3/3
Дата25.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74473
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Қазыналы қарттың тәлімі (менің сабағым)
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;



Бастапқы білім

Адами құндылықтар туралы түсініктері бар. Құндылықтарға не

жататынын атай алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»

Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:



1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)

2-топ: « Ептілер » (сары түсті)

3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?

Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы: — Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы: — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?

Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.

Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

(Т) «Пікіріңді айт» айдары «Мен үшін құнды» әдісі бойынша

шағын топтар оқулықта берілген сөйлемдер бойынша өз ойларын айтады. Талқылау арқылы осы айтылғандардың бәрі адам үшін қажет, құнды қасиеттер, асыл сөздер деген қорытындыға келеді. Осы арқылы ҚҰНДЫЛЫҚ ұғымының мағынасы ашылады. Кітапта берілген ақпаратпен мұғалім өз тарапынан толықтырса болады.

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.


«Түсініп оқы» айдары

ТЖ. Оқушылар «Қазыналы қарт тәлімі» атты мәтінді оқып,

мазмұнын топта талқылайды. Сөздікпен жұмыс жүргізеді.

МК. «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша төмендегі сөздерінің мағынасын ашады.

Үйездеу – ыстық күні жылқының бастарын бір-бірінің

көлеңкесіне тығып, топтанып тұруы

Кіші бесін – күн төбеден ауып, кешкірген кез.

Нысапсыз – тойымсыз, қанағатсыз

Қайырсыз – қайыры жоқ , жақсылығы ,шапағаты тимейтін Жер айдау – жер жырту

(ЖЖ) Оқушылар Төле бидің Қоңқа қартқа сұрақ қойған

жерінен бастап рөлге бөліп оқиды. Бұл жерде оқушылардың

дауыс интонациясына назар аударылады.



«Микрофон» әдісі

Бір оқушы қолына микрофон алып, оқушыларға сұрақ қояды.

Бір сұрақты бірнеше оқушыға қою арқылы оқушылардың

пікірлері салыстырылады.

– Нысапсыз бай мен қайырымсыз байға қандай адами

құндылықтар жетіспейді?

– Мәтін неліктен «Қазыналы қарт тәлімі» деп аталған?

– Төле би Қоңқа қарттан қандай тәрбие алды?



(Сұрақ-жауап барысында мәтіннің негізгі идеясы ашылады)


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.





Сабақтың соңы

«Тұжырымда» айдары бойынша

«Атаның сөзі – ақылдың көзі» деген нақыл сөзді мәтіннің негізгі

ойымен байланыстырып қорытындылайды.

Рефлексия

Шардың суретін сал. Өз шарыңа қандай адами құндылықтарды

қосып жазар едің? (Шардың суретін салып, сабақтың басында

танысқан құндылықтарды өзінің сөздерімен толықтырады)

Сен өз бойыңда қандай құндылықтарды дамытқың келеді?



Пікірталас.

Үй тапсырмасы: Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрастырып жаз.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім сандығы» кері байланыс.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.


Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не



білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет