Сабақ тақырыбы Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы



бет4/6
Дата12.05.2020
өлшемі210 Kb.
#67495
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 Биология 7 сынып. Сабақ жоспары. Зертханалық жұмыс «Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу»

Топтық жұмыс дискрипторлары:

  • ірімшік және йогурт дайындау әдісін біледі

  • ірімшік және йогурт дайындаудағы бактерия маңызын түсіндіреді

  • Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар үш топта жұмыс істейді. ірімшік және йогурт туралы мәтінді оқиды.

  • Топтарда йогуртты өз беттерінше дайындау үшін оқушылар сүтті ысытып, оған белсенді йогурт қосады. Оны ұзақ уақытқа қалдырып, одан ірімшік алады.

Жұмыс барысы:

1.Топтағы оқушылар 200 см3 сүтті таза зертханалық стаканда қайнатады. Олар сүтті температураның 90°C аспайтынына көз жеткізіп, ұқыпты қайнатулары керек. Сүтті 35°C дейін суытуға қояды, сосын 4 шай қасық белсенді йогурт қосады.

Сосын зертханалық стаканды жылы жерге 1 күнге қалдырады.

2. Ірімшікті алу үшін йогуртты муслинмен жабылған микрофильтрге құйып, 24 сағатқа қалдырады.

3.Сосын муслинді пакетке байлап, сұйықтықтың барлығы шығып біткенше сығады.

4.«Қатты» ірімшік муслинде қалуы керек. Еріту үшін ірімшікті массаны қыздырады. Температура 90°C аспайтындығына көз жеткізеді. (Қажет болған жағдайда ірімшікке ерекше иіс беруге көмектесетін дәмдеуіштер немесе басқа ингредиент қосыңыз).

5. Ірімшікті тығыздау үшін арнайы формаларға салады.

Нәтижені дәптерге жазу, бақылау.

Талқылау:

(ҚБ) Оқушылар йогурт және ірімшік дайындау үдерісін өз сөздерімен сипаттайды. Олар бактериялардағы ферменттер туралы ұғымды және белсенді йогуртты қоспас бұрын сүтті неліктен суыту керектігін атап өтеді.



Эксперимент үшін пастерленбеген «тірі» йогурт пайдалану өте маңызды. Ең жақсысы қарапайым, хош иістендірілмеген «тірі» йогуртпен жұмыс істеген.

Бағалау:Табыс критерийлерімен топта орындалған жұмысты оқушылар өз-өздерін тексеріп, бағалайды.

Бейнефильм

Тақырыпты көрсету үшін бұл таныстырылымды PowerPoint форматынла пайдалануға болады.

http://www.tes.co.uk/teaching-resource/Cheese-and-Yoghurt-6089257/

йогурт дайындау мәзірін мына жерден табуға болады:

http://www.microbiologyonline.org.uk/teachers/microbial-recipes


Әр топ үшін:

Агар ортасы бар Петри шынаяғы. Агар ортасы йогуртта сүт қышқылды бактерияларды өсіру үшін қолайлы болуы тиіс. Сәйкесті қоректік заттары бар қолайлы агар таблеткаларын бір биологиялық жеткізушіден бір оқушыға бір шай қасық йогурт мөлшерінде қолайлы контейнер

Таймер немесе сағат

100 мл. дистиллирленген (стерильді) су құйылған 250 мл. стакан

мақта тампоны

маркер.




Соңы

37-40




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет